Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Физика, 9 сынып, презентация.


Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері

Оқу мақсаты:

9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;

Жетістік критерийлері:

Инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын ашу

Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау

Денелердің жылдамдығын қалай өзгертуге болады?

Денелердің жылдамдығының бағытын қалай өзгертуге болады?

Денелерге басқа денелер әсер етпесе, денелер қалай қозғалуы мүмкін?

Физикалық дене алғашқы қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтауға бейім болады. Денеге басқа бір дене әсер етіп, оның күйін өзгерткенге дейін ол тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын жалғастыра береді.

Сырттан басқа денелер әсер етпей тұрғанда дененің қозғалыс жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.

Инерция (лат) – қозғалыссыз, әрекетсіз.

Инерттілік - дененің өз жылдамдығын сақтап қалу қасиеті.

Инерттіліктің сандық сипаттамасы масса болып табылады.

Егер дене массасы үлкен болса, ол азырақ жылдамдыққа ие болады (дененің инерциясы үлкенірек). Массасы аз болған кезде, дене үлкенірек жылдамдыққа ие болады (дененің инерциясы азырақ).

Инерциялық санақ жүйелері:

Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады.

Ньютонның бірінші заңы:

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу