№1-зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау". Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1А Кинематика негіздері | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | №1-зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау" | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.1.7 теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау; 9.1.3.2 эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспериментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну; 9.2.1.8 теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген қондырғыны жинайды және жұмысты орындай алады; Алынған мәліметтер бойынша кестені толтыра алады; Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады және оны түсіндіреді; Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады және оны түсіндіреді; Алынған қисықтардың көлбеулік коэффициенттерін есептейді және салыстырады; Эксперимент нәтижелерін жақсарту жолдарын ұсынады. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология Үдеу, жылдамдық, координата, теңайнымалы қозғалыс, орын ауыстыру, арақашықтық Диалогқа / жазуға қажетті сөз тіркестері … қозғалыс кезінде … қалай өзгереді? Егер … артса/кемісе, онда … өзгермейді. … қозғалыс пен … қозғалыс арасындағы айырмашылық қандай? | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар арасындағы ауызбіршілікті нығайту. Өзгелерге көмек көрсетуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өзінің және өзге оқушының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://twig-bilim.kz/kz/film/speed-velocity-acceleration https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/udemeli-qozhalys | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Скалярлық жылдамдық, векторлық жылдамдық және үдеу ұғымдары. y= kx+b математикалық теңдеуінің графигі | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут 2-7 минут | І. Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалыққа, сынып оқушыларының сабаққа қатысымына назар аудару. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Жұптық бағалау жүргізіледі.
| Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-9 минут 9-13 минут 13-18 минут
18-38 минут
| Оқушылармен сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын талқылау. №1-зертханалық жұмыспен "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау" танысу. Оқушыларды физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Оқушылар берілген лабораториялық жұмысты жұп болып орындайды. Оқушылар теңайнымалы қозғалыстың үдеуін зерттеуге арналған қондырғыны жинайды. Жұмыстың орындалуы бойынша нәтижелерді алып, 1-кестені толтырады. Оқушылар S және t мәндерін қолдана отырып, жүрілген жолдың уақытқа тәуелділік графигін (1-сурет) тұрғызады. График түрі парабола болу қажет. Оқушылар S және t2 мәндерін қолдана отырып, жүрілген жолдың уақыттың квадратына тәуелділік графигін (2-сурет) тұрғызады. График түрі түзу болу қажет. Алынған мәліметтер бойынша графикті талдайды және графиктің градиентін (көлбеулік бұрышын) анықтайды. Оқушылар 1-кестенің мәліметтерін қолдана отырып, лездік жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін (3-сурет) тұрғызады. Алынған мәліметтер бойынша графикті талдайды және графиктің градиентін (көлбеулік бұрышын) анықтайды. 2 және 3 суретте салынған екі қисықтың көлбеулік бұрыштарын салыстырады және бұл мәндердің неге әртүрлі болғанын түсіндіреді, қорытынды жасайды. Экспериментті жақсарту жолдарын ұсынады.
| Презентация Арба, фотоворота, рельс, штативті өзекше, түрлі түсті қосқыш сымдар, штатиф, жүк, штатив негізі, арбашаға арналған кішкене жалауша | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?