Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.6 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаты

Оқушыларға теңайнымалы қозғалыс теңдеулерін есептер шығаруда қолданып, жан-жақты талдау жүргізу арқылы терең түсінік қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • Лездік және орташа жылдамдықтарды айыра біледі
  • Үдеудің анықтамасын және өлшем бірлігін біледі
  • Тең үдемелі қозғалыстың анықтамасын біледі
  • Теңайнымалы қозғалыс теңдеулерін біледі, оларды нақты есептер шығарғанда дұрыс қолданады

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Лездік және орташа жылдамдықтар, бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдемелі қозғалысты сипаттайтын теңдеулер, тұрақты үдеу, тұрақсыз үдеу, жылдамдық пен үдеудің бағыттары.

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Бір қалыпты үдемелі қозғалыста дене жылдамдығы .............. өзгереді.

Қозғалыстағы дененің жылдамдығы азайғанда үдеудің бағыты жылдамдық векторының бағытына...................болады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оларды өз беттерінше ізденуге, өзгенің ойын тыңдай отырып, қарсы пікір айтуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Есептер шығарғанда екі белгісізі бар теңдеулер жүйесін шығарудың математикалық әдістерін қолданады

Бастапқы білім

Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

3-10 минут

  • Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлеріне қысқаша талдау жүргізу.
  • Жеке жұмыс. Ой қозғау, тақырыпқа ену.

Тақтадағы тапсырмаларды орындау

Бағалау критерийлері (тақтада көрсетіледі) :

  • Лездік және орташа жылдамдықтарды айыра білу
  • Үдеудің анықтамасын және өлшем бірлігін білу
  • Тең үдемелі қозғалыстың анықтамасын білу
  • Жоғары лақтырылған дененің жылдамдығы қалай өзгеретінін түсіну
  • Орташа және лездік жылдамдықтардың айырмашылығын түсіну

Оқушылар жауаптарын презентациядағы дұрыс жауаптармен салыстыра отыра өз-өздерін бағалайды.

Презентация

1-2 слайд

Презентация

3,6- слайдтар

Презентация

4,7- слайдтар

Презентация

5,8- слайдтар

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

11- 16

минут

Видео көрсетілім. Тақырыпқа байланысты есептерді шығару әдісімен танысу

Видео 1

2мин. 51 сек. – 7 мин. 30 сек. аралы ғы

17-22 минут

Жұптық жұмыс:

Тест тапсырмаларын орындау

Логикалық есепті шығару

Бағалау критерийлері

  • Үдемелі қозғалыстың анықтамасын біледі, және анықтамаға сәйкес формуланы таба алады.
  • Векторлық шамаларды скалярлық шамалардан айырады.
  • Бір қалыпты үдемелі қозғалыс теңдеуін табады.

Жұптағы оқушылар бір-бірін тексереді.

Тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы бір-бірін бағалайды.

Таратпа парақшалар (қосымша 2)

Презентацияның 9,10,11- слайдтары

Презентация

12-слайд

Презентация

13,14-слайдтары

23-28

Топтық жұмыс:

1-топ №2, №4 есептер

2-топ №3, №5 есептер

Тапсырмалардың дескрипторлары

2-есеп

-Уақыттың бірінші бөлігі үшін орын ауыстыру теңдеуін жазу. Осы теңдеуден үдеуді анықтаңыз

-Үдеудің мәнін уақыттың екінші бөлігі үшін орын ауыстыру теңдеуіне қойып, орын ауыстыруды есептеңіз

3-есеп

-Тең үдемелі қозғалыс үшін орын ауыстыру теңдеуін жазыңыз

-Теңдеуден уақыттың формуласын шығарып, уақытты есептеңіз

-Уақыттың теріс мәнін неліктен алмайтынымыз туралы өз ойыңызды жазыңыз

4-есеп

- Тең үдемелі қозғалыс үшін орын ауыстыру теңдеуінен ұңғыдан оқтың шығар мезеттегі жылдамдығының формуласын жазыңыз

-Оқтың ұңғының ортасынан өткен мезеттегі жылдамдығының формуласын жазыңыз

-Жылдамдықтардың қатынасын есептеңіз

5-есеп

-Мотоциклшілердің қозғалыс теңдеуін теңестіріңіз

-Квадрат теңдеулерді шешіп, кездесу уақытын анықтаңыз

-Кездесетін орнын анықтаңыз

-Неліктен екі жауап шыққанын түсіндіріңіз

Таратпа қағаздар

Қосымша 1

15,17,19,21 слайдтар

Қосымша 3

29-38

Жұмысты қорғау: Топ мүшелері тақтада есептердің шығару жолын көрсетіп, қысқаша талдау жүргізеді. Топ мүшелері басқа топтың жауаптарын бағалайды

Презента

циядағы 16,18,20,22,23,24

слайдтар арқылы тексеріледі

38-39

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

39-40 минут

Үй жұмысы

Презентация

25-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыға жеке келу арқылы қолдау көрсетеді.

Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің тарапынан кері байланыс ұсынылу әрбір этапта жүзеге асады

Оқушылар өлшеуіш таспа және болат шармен жұмыс жасайтын болғандықтан, тапсырма орындау алдында оқушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылады

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу