Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың сипаттамалары. Қозғалыс графигі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-зертханалық жұмыс

Тең үдемелі қозғалыс кезінде дененің үдеуін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу. Ол үшін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді.Бастапқы жылдамдықсыз (v=0) тең үдемелі қозғалыс кезінде s=болатындықтан, s пен t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады. Ол

a=.

Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа,метроном.

Құрал-жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.

Жұмысты орындау:

1.Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек (33-сурет).

2.Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.

3.Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы үш толас).

4.Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.

5.Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек.

6.s= формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: a=.

7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Тәжірибе номірі

S,m

S, m

Метрономның соғу саны

t,c

a, м/c

1.

2.

3.

4.

5.

Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей,өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу