Есеп шығару «Жұқа линза. Оптикалық құралдар». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В: Оптикалық приборлар
  • Мектеп: НЗМ ХББ Петропал қаласы
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Есеп шығару «Жұқа линза. Оптикалық құралдар»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.9 - жұқа линзада сәуленің жолын салу және алынған кескінге сипаттама беру

8.5.1.10 - жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау

8.5.1.11 - жұқа линзаның және линзаның сызықтық ұлғаюының формулаларын есептер шығаруда қолдану

8.5.1.12 - оптикалық жабдықтарды сипаттау (ұлғайтқыш шыны, микроскоп, телескоп, фотоаппарат және проекциялық аппарат)

 Сабақ мақсаттары

  • Жұқа линзадағы кескінді сипаттау және сәуле жолын салу;
  • Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
  • Жұқа линза формуласын қолдану;
  • Оптикалық құралдарды сипаттау.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Жұқа линзадағы кескінді сипаттайды және сәуле жолын салады
  • Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтайды
  • Жұқа линза формуласын қолданады
  • Оптикалық құралдарды сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика

-Линзаларды жіктеу, линза түрлерін атау және сипаттау, линза пішіндерін салыстыру, линзаның негізгі нүктелері мен сызықтарын атау, жинағыш және шашыратқыш линзалардағы негізгі сәулелер жолын сипаттау, кез-келген сәуле жолын түскен және линзадан шыққан жолын сипаттау;

-Оптикалық құралдардағы жарық сәулелерінің жолын түсіндіру;

-көздегі жарық сәулелерінің жолын түсіндіру; көзудің кемшіліктері-жақыннан және алыстан көргіштікті түсіндіру.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

қазақша

орысша

ағылшынша

Жарық

Свет

light

Жарық көзі

Источник света

source of light

Линза

линза

lens

Шашыратқыш

рассеивающая

disperse

Жинағыш

собирающая

converging

Оптикалық ось

Оптическая ось

Optical axis

Сәулелер шоғы

Пучок лучей

bunch of light

Кескін

изображение

image

Жалған кескін

Мнимое изображение

Virtual image

Фокус

фокус

focus

нақты

действительный

real

Фокальдық жазықтық

Фокальная плоскость

Focal plate

Үлкейтілген

увеличенное

increased

Кішірейтілген

уменьшенное

Decreased

Тура

Прямое

Straight

төңкерілген

перевернутое

reverse

Оптикалық күші

Оптическая сила

Optical power

Фокустық қашықтық

Фокусное расстояние

Focal length

диоптрия

диоптрия

diopter

Жұқа линза

Тонкая линза

Thin lens

Линзаның ұлғайуы

Увеоичение линзы

Lens magnification

Микроскоп

Микроскоп

microscope

Телескоп

Телескоп

Telescope

Объектив

Объектив

Objective

Окуляр

Окуляр

ocular

Рефрактор-линзалы

Рефрактор

Refractor

Рефлектор-айналы

Рефлектор

reflector

Фотоаппарат

фотоаппарат

Camera

Көз

Глаз

Eye

Көз қарашығы

Хрусталик

Crystalline lens

Көз торы

Сетчатка

Retina

көзілдірік

Очки

Glasses

Жақыннан көргіштік

Близкорукость

Myopia

Алыстан көргіштік

Дальнозоркость

hyperopia

Диалогқа / жазуға қажетті сөз тіркестері:

  • Жұқа линзада кескін алу үшін :
  • Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық d әрпімен,ал линзадан кескінге дейінгі қашықтық f әрпімен белгіленеді.
  • а) Нәрсе d>2F қашықтықта, яғни екі еселенген фокус қашықтығынан артық қашықтықта орналаса,
  • Нәрсенің шын, төңкерілген,және кішірейтілген кескіні алынады.
  • ә) Нәрсе d=2F қашықтыққа орналастырылса, f=2F* қашықтықта кескін алынады. Кескін шын, төңкерілген, өлшемі нәрсе өлшеміне тең кескін алынады.б) Егер d=F болса,онда экранда кескін жойылып кетеді.в) Егер dнәрсенің өз жағында, яғни тура, үлкейтілген, жорамал кескін алынады.
  • Шашыратқыш линзада кішірейтілген, тура, жорамал кескін алынады.

Сабақты меңгеретін білім мен дағдылар

оптикалық құралдардардағы, линзаның негізгі нүктелері мен сызықтарын атау және сәуле жолдарын салу дағдыларын меңгеру; Линзадан алынған кескінге сипаттама беруді түсіндіру, көз кемшіліктерін түзету жолдарын түсіндіру дағдылары; есеп шығару кезінде жұқа линзаның формуласын қолдану дағдылары

Негізгі құндылықтар

Ашықтық, серіктестік. Құндылықтарды дарыту жұптарда және топтарда тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Математика ( түсу, шағылу бұрыштары; жарықтың түзу сызық бойымен таралуы; сәуле) , геометрия (симметриялы сәулелер; түзу параллель сызықтар; үшбұрыш ортасы)

АКТ қолдану дағдылары

oPhysics

оқулықтан 152-169 беттер

RNDr. Vladimír Vaščák – osobní stránky učitele z Moravy (vascak.cz)

Оптика: физика бойынша онлайн-сабақтар - bilimland.kz (слайд 3-8)

oPhysics (көз құрылысы)

Бастапқы білім

Линза, оптика, сәуле, фокус, қашықтық, құралдар, линза түрлері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(W) Мұғалім проблемалық сұрақ қояды:

  • 1.Доктор Клоубони отты қалай жақты (Приключения капитана Гаттераса Жюль Верн)?
  • 2. Осыдан кейін сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырылады

3. Негізгі ұғымдар мен терминдермен жұмыс

Таратпа карточка (дәптерге желімдейді)

Сабақтың ортасы

30 мин

Тапсырма 1. Жұппен жұмыс. Берілген суретттерге (-1 және 2-сурет) сипаттама беріңіздер (15 мин) (дәптерге әр сурет бойынша берілген тапсырмаға жауа жазыңыздар)

Бағалау критерийлері:

  • Линзаларды жіктеу;
  • линза түрлерін атау және сипаттау;
  • -линза пішіндерін салыстыру;
  • линзаның негізгі нүктелері мен сызықтарын атау;
  • жинағыш және шашыратқыш линзалардағы негізгі сәулелер жолын сипаттау және кез-келген сәуле жолын түскен және линзадан шыққан жолын сипаттау;

(W) талдау жасау (5 мин)

Тапсырма 2. Жеке жұмыс (5 мин) . Есеп құрастырыңыз және түсіндіріңіз.

 (G/ W) талдау жасау (10 мин)

СБК (сабақты бағыттаушы карта)

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ мақсатына оралып, бағалау критерийлер бойынша оқушылар өз жетістіктерін бағалайды. Мұғалім жұмыс бойынша кері байланыс береді

Сабақтың басы

3 мин

Көзге арналған жаттығулар (3 мин) .

https://www.google.kz/url?sa=i&rct=j&q=&esrc=s&source=images by Dias Nurkanov (prezi.com)

Сабақтың ортасы

30 мин

Тапсырма 3. Көз кемшіліктерінің түрлеріне анықтама беріңіз (оқулықты және интернет желісін пайдалан)-дәптерге жазыңыз - 10 мин

Тапсырма 4. Көздің оптикалық жүйесі мен фотоаппаратты салыстырыңыз (10 мин)

Көз

фотоаппарат

Линза түрі

Кескін сипаты

Енген жарық мөлшері қалай реттеледі

Кескін фокусталуы қалай жүзеге асады

(W) талдау жасау (5 мин)

Жауабы:

Көз

фотоаппарат

Линза түрі

Көзбұршақ-жинағыш линза

Объектив-жинағыш линза

Кескін сипаты

Нақты, төңкерілген ,кішірейтілген

Нақты, төңкерілген ,кішірейтілген

Енген жарық мөлшері қалай реттеледі

Көз қарашығын өзгерту арқылы

Объектив корпусының ішіндегі диаграмма көмегімен

Кескін фокусталуы қалай жүзеге асады

Көзбұршағының қисықтығы өзгереді, соның нәтижесінде фокустық қашықтық өзгереді

Объектив алға, артқа қозғала алады

Тапсырма 5. (W) сыныппен жұмыс (5 мин)

  • Суретті сипаттаңыз:
  • Объективтің («objectivus»-лат. сөзінен нысанаға қатысты деген мағынаны береді) қызметін түсіндіріңіз
  • Окулярдың ( «oculis» -көз деген мағынаны білдіреді) қызметін түсіндіріңіз
  • Микроскоп қандай мақсатпен қолданылады?
  • Микроскоптың үлкейткіш әсерін арттыру үшін не істеуге болады

!!! Уақыт жеткілікті болса (5-7 мин)

Оптика: физика бойынша онлайн-сабақтар - bilimland.kz (слайд 3-8) –тапсырмаларды орындау

СБК

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізу

Көңіл аудар!

Оптикалық құралдармен жұмыс кезінде жарық нысандарына қарау зиян екендігін ұмытпаңыздар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу