Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақ тақырыбы: Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері
Оқу мақсаты:– 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
Теориялық материал
Көз
Сыныпқа көздіӊ макетін көрсетеміз. Олардан адамныӊ көзі туралы не білетіндігін сұраймыз. Көз - күрделі оптикалық жүйе болып табылады. Көз алмасының тор қабатында (сетчатка) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болады.
Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене.
Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм;
Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44;
Көздіӊ оптикалық күші ≈58 дптр
Көздіӊ құрылысы
1- склера (көз алмасының сыртқы қабықшасы); 2-қасаң қабық (роговица) - склерадан алдыңғы мөлдір бөлігі; 3- түсті қабық (адамдар көзінің түсті қабығы әр түрлі болады); 4- көздің қарашығы (зрачок) – жарық өтетін саңылау. Оның диаметрі рефлективті түрде – 8 мм-ге өзгеріп отырады; 5- көз бұршағы (хрусталик)- қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене; 6- циллиарлық бұлшық еттер- көз бұршағының қисықтық радиусын өзгертеді, яғни оптикалық күшін өзгертеді; 7- көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене (стекловидное тело); 8- тамырлар қабығы; 9- көз алмасының түбін тұтас жауып тұратын торлама (сетчатка). Торлама көз жүйке тамырларының тармақтарынан тұрады. Көру жүйкесі құтышалар (≈ 7 млн.) мен таяқшалар (≈130 млн.) деп аталатын талшықтардан тұрады; 10- көру жүйкесі; 11- соқыр дақ; 12- сары дақ (центральная ямка) – торламадағы жарықты ең сезгіш орын (мұнда нәрсенің түсін қабылдайтын кұтышалар топталған).
Көз аккомодациясы
Әр түрлі қашықтықта орналасқан нәрселердің көз алмасының торламасында анық кескінін пайда ету үшін көздің оптикалық жүйесінің фокус аралығы өзгеру керек.
Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгерту мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады.
Көз торламасында кескінніӊ пайда болу моделі:
(D) http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba083-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf
Аккомодация циллиарлық бұлшық еттердің (6) сығылуы немесе созылуы нәтижесінде жүзеге асады.
Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады.
Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады.
Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15- қашықтықта орналасқан.
Көздіӊ ақаулары
а) сау көз
б) жақыннан көргіштік
в) алыстан көргіштік
Жақыннан көргіштік- көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады. Көздің бұл ақауы жақыннан көргіштік деп аталады. Осы ақауды түзету үшін шашыратқыш линзалары (D<0) бар көзілдірік киеміз.
Жақыннан және алыстан көргіштік модельдері:
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba083-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf
Жақыннан көргіштік және оны көзілдірікпен түзету
Жақыннан көргіштер алыстағы нәрселерді анық көре алмайды. Жақыннан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы ден кіші.
Алыстан көргіштік - көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады. Осы ақауды түзету үшін жинағыш линзалары (D>0) бар көзілдірік киеміз.
Алыстан көргіштік және оны көзілдірікпен түзету
Алыстан көргіштер жақын тұрған нәрселерді дұрыскөрмейді. Алыстан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы ден үлкен.
Астигматизм –қасаң қабықтың (роговица) сфералық еместігімен (әртүрлі жазықтықта қисықтықтың әртүрлі болуы) байланысты көздің ақауы.
Тапсырмалардың жауаптары
1-топ үшін тапсырмалар жауаптары:1. Қасаң қабықша, көз бұршағы, торлама, шыны тәрізді дене, соқыр дақ.2. пішіні сопақша келген, екі беті дөңес линзаға ұқсас мөлдір құрылым. Бұршақ дене көздің негізгі жарықты сындыру мүшесі. Көз бұршағының негізгі қызметі рефракция, яғни параллел жарық сәулелерін сындырып, оларды бір нүктеге жинау. Бұл нүкте «фокус» делінеді. Қалыпты фокус көздің торлы қабатына сәйкес келіп, жануарлар қоршаған орта заттарын анық көреді.3. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы 0,5 м. Бұл көзілдірік көздіӊ арыстанкөргіштігін түзетуге арналған.4. Жақыннан көргіштік. Судан ауаға шыққанда бейне балықтың көзінің торламасының алдында пайда болады. Себебі балықтың судың сыну көрсеткіші ауаға қатысты 1,33 болғандықтан, балықтың қасаң қабығының сыну көрсеткіші судың сыну көрсеткішінен үлкен болу керек. Балық ауаға шыққанда сыну көрсеткіші күшейеді. Өйткені ауадағы сыну көрсеткіш 1.
2-топ үшін тапсырмаларының жауаптары:1. Көзде пайда болатын кескін: Шын, төңкерілген, кішірейтілген.2. Қандай жағдайда адамныӊ көз бұршағыныӊ фокус аралығы үлкен болады: теледидар көргенде немесе кітап оқығанда?3. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы -0,33 м. Бұл көзілдірік көздіӊ қандай жақыннан көргіштігін түзетеді?4. Суретте көз ақаулары көрсетілген. Қайсы суретте көздіӊ алыстан көргіштік ақауы көрсетілген және оны қандай көзілдірікпен түзетеміз?
Жұптық жұмыстың жауабы:
Бинокулярлық көру.
Бір көзбен немесе екі көзбен көрудіӊ айырмашылығы бар ма?Бір көзбен көру бізге қай нәрсеніӊ жақын, қай нәрсеніӊ алыс тұрғанын толық айыруға мүмкіндік бермейді. Екі көзбен көру – көру аймағын кеӊейтеді, біз үлкен кеӊістікті көреміз. Екі көзбен көретіндіктен, біз нәрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз.Адам горизонталь бағытта 1200 шекарасында көреді. Төмендегі суреттерде бинокулярлық көру аймақтары көрсетілген.
Үй тапсырмасының мүмкін жауаптары:
А) 6 жасқа балалар оқи бастайды. (ұялы телефон, планшет, компьютер) сияқты құрылғылармен жұмыс істей бастайды. 11 жаста жас ерекшеліктеріне сәйкес компьютерлік ойындарға деген қызығушылықтары арта бастайды.Б) Көз ауруларының туындау себептері:
- баланың эмбриональды даму процесі кезіндегі патогенді факторлар;
- генетикалық факторлар (тұқымқуалаушылық);
С) Көру қабілеті нашарлаған адамдар көз торламасындағы қан тамырларды күшейтетін тағамдарды тұтыну керек. Олар: қарақат, сәбіз. Жақыннан көргіштік ақауы бар адамдар балық бауырын, көкшөптер, жуа, укроп сияқты көкөністер мен тағамдарды жеу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?