Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жарық құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны: -

Сабақ тақырыбы

Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау

Сабақтың мақсаттары

- көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін білу;

- көздіӊ оптикалық жүйесін білу;

- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін білу;

- көздіӊ аккомодациясын білу;

- көздіӊ ақауларын білу: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік;

- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді білу.

 Бағалау критерийлері

- көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін біледі;

- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін біледі;

- көздіӊ аккомодациясын біледі;

- көздіӊ ақауларын біледі: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік;

- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді біледі.

 Тілдік мақсаттар

 Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: көз – күрделі оптикалық жүйе, көз бұршағы, көз торламасы, аккомодация, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Сөздік

Көз бұршағы

lens

хрусталик

Көз торламы

retina

сетчатка

Жақыннан көргіштік

Myopia

близорукость

Алыстан көргіштік

Hyperopia

дальнозоркость

Ойыс линза

Concave lens

Вогнутая линза

Дөӊес линза

Convex lens

Выпуклая линза

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Көз алмасының тор қабатында нәрсенің шын, кішірейтілген, төңкерілген кескіні пайда болады.

Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгерту мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады. Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады. Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады. Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15- қашықтықта орналасқан.

Жақыннан көргіштік- көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады.

Алыстан көргіштік - көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

 

Биология көздің құрылысы мен оның атқаратын функциялары туралы туралы түсіндіргенде

Бастапқы білім

Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

  • Оқушылар өткен материалды еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
  • Линзаның түрлерін атаңдар
  • Жинағыш линзада пайда болатын кескіндерді сипаттаңдар
  • Шашыратқыш линзада пайда болатын кескіндерді сипаттаңдар
  • Кескін алу үшін қанша сәуле жүргіземіз және олардың жүрісін сипатта
  • Ой қозғау: Адам өмірінде көздіӊ, көрудіӊ маӊызы туралы не білесіңдер? Оқушылар биология пәні бойынша алған білімдерін қолданып түсіндірулеріне болады.

Сабақтың ортасы

7-17 мин

17-23 мин

23-35 мин

35-38 мин

  • Оқушылар топқа бөлінеді де, оқулықпен жұмыс жасайды.

1 топ. Алыстан көргіштік

2 топ. Жақыннан көргіштік

3 топ. Көздіӊ негізгі бөліктері және олардыӊ қызметі

Оқушылар топта жұмыс жасап болған соң таныстырылым жасайды немесе топтар бір- біріне түсіндіреді.

Мұғалім олардың таныстырылымдары бойынша кері байланыс жасай отырып толықтырулар енгізеді.

Көз ақауының алдын алу ережелерін түсіндіреді.

  • Сабақты бекіту. Теориялық материалды қалай игергендігін тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды
  • Кестені толтырыңдар

Дұрыс жауаптарын мұғалім айтады, ал оқушылар өзара бағалау жүргізеді және бір-біріне кері байланыс жасайды.

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін

Үй жұмысы "Көз - оптикалық жүйе" тақырыбын қайталау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушының топ ішіндегі, жұптағы жұмысын бақылау.

Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу