Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жарық құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.11 – жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;

8.5.1.12 – линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттай білу;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтай білу;

- D=1/F формуласын қолдана білу.

- жұқа линзада кескін алу және оны сипаттай білу.

 Бағалау критерийлері

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттай алады;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтай алады;

- D=1/F формуласын қолданады.

- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

 Оқушылар білуі тиіс:Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: жұқа линза, жинағыш линза, шашыратқыш линза, дөӊес линзалар, ойыс линзалар, линзаныӊ оптикалық центрі, линзаныӊ бас оптикалық осі, линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші.

Пәнге тән лексика мен терминология:

линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.

Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұлнүктелинзаныӊ бас фокусы деп аталады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

 

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Линза. Жұқа линзаның формуласы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

4-6 мин

1.Ой қозғау.

  • Сендер линзадағы кескіннің қандай сипаттамаларын білесіңдер?
  • Линзаның оптикалық күші деп нені айтады?

2. Мақсатты болжау.

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттай білу;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтай білу;

- D=1/F формуласын қолдана білу.

- жұқа линзада кескін алу және оны сипаттай білу.

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

6-16 мин

16-36 мин

36-38 мин

3. Түсіндіру. Мұғалім түсіндіреді. Линзалар. Жинағыш және шашыратқыш линзалар

 Линзаларсфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Линза материалы шыны, кварц, кристаллдар, пластмасса болуымүмкін. Дербесжағдайдалинзаныңбірбетітегісболуымүмкін.

Линзаныӊ негізгі элементтері

С12 нүктелері - линзаның сфералық беттерінің центрлері.

О нүктесі – линзаның оптикалық центрі.

С1 және С2нүктелерінен өтетін түзу – линзаның бас оптикалық осі деп аталады.

Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін түзу қосымша оптикалық ось деп аталады.

4. Сабақты бекіту. Материалды қалай игергендігін тексеру үшін оқушылар орындайтын тапсырмалар

Бағалау критерийлері:

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттайды;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтайды;

- D=1/F формуласын қолданады.

- жұқа линзада кескін алуды сипаттайды.

Мұғалім дұрыс жауаптарды көрсетеді, ал оқушылар өзін-өзі тексереді. Бір-біріне кері байланыс жасайды.

Презентация

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba081-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_6.swf

Таратпа материал

Сабақтың соңы

36-40 мин

5. Рефлексия«Бас бармақ» тәсілі.

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

Жазбаша белгілейді.

6.Үйге тапсырма:

  • Шашыратқыш линзадан нәрсеге дейінгі қашықтық 30 см, ал алынған кескін линзадан 20 см қашықтықта болса, линзаның фокус аралығы қандай?
  • Фокус аралығы 12 см болатын линзадан оның кескіні екі есе үлкен болу үшін денені қандай қашықтыққа орналастыру керек?
  • Шашыратқыш линзаның алдында 40 см қашықтықта орналасқан дене жалған, 4 есе кішірейтілген кескін беретін болса, оның фокус аралығы неге тең?

Таратпа материал

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушының топ ішіндегі, жұптағы жұмысын бақылау.

Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Үй тапсырмасының жауаптары:

1

12 см

2

16 см

3

-7,5 см



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу