Жұқа линзалар. Линзада кескін алу. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жұқа линзалар. Линзада кескін алу.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып:

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.13 – жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру

 Сабақтың мақсаты

Оқушылар білуі керек:

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттауды;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтауды;

- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттауды.

 Бағалау критерийлері

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттайды;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтайды;

- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек

Пәнге тән лексика мен терминология:

 жұқа линза, жинағыш линза, шашыратқыш линза, дөӊес линзалар, ойыс линзалар, линзаныӊ оптикалық центрі, линзаныӊ бас оптикалық осі, линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.

Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады.

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Есептеулер жүргізгенде математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдануды біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

1) Ой қозғау. Сыныпқа келесі сұрақтарды қоямыз:

 1. Суретте көрсетілген құралдардыӊ атаӊыз?

 

 2. Бұл құралдарды қандай мақсаттарда қолданамыз?

 

 3. Бұл құралдардыӊ негізгі элементін атаӊдар?

 Жарықтыӊ шағылу және сыну қасиеттері жарық шоқтарын басқаруға мүмкіншілік береді. Суреттегі аспаптардыӊ жұмыс істеу принциптері жарықтыӊ осы қасиеттеріне негізделген.

 Бұл құралдардыӊ негізгі элементі линза болып табылады.

 Оқушылардың жауаптарына кері байланыс бере отырып, бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba081-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_6.swf

Сабақтың ортасы

3-8 мин

8-13 мин

13-18 мин

18-28 мин

28-35 мин

2) Оқушылар жинағыш және шашыратқыш линзалардан жарық сәулесініӊ өтуін сипаттайды

а) Жинағыш линза:

 Линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелер линзадан сынғаннан кейін линзаның бас фокусында (шын фокус) қиылысады (а-сурет).

б) Шашыратқыш линза:

  Бас оптикалық оське параллель түскен сәулелер шашыратқыш линзадан сынғаннан кейін сәулелердің жалған жалғасы линзаның фокусында (жалған фокус) қиылысады (б).

ОF қашықтығы – линзаның фокустық қашықтығы (F, метр).

F нүктесі - линзаның фокусы;

Ф - жазықтығы фокустық жазықтық.

 Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтін бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады.

 http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba081-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_6.swf

Жұқа линзалардағы кескіндерді алу

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba082-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_7.swf

3) Оқушыларға жинағыш линзада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреміз. Пайда болған кескінді сипаттаймыз.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Топтарға плакат, маркерлер және сызғыш беріледі. Мұғалім тарапынан төрт тапсырма ұсынылады.

Тапсырма № 1

Нәрсе жинағыш линзадан d= қашықтықта орналасқан. Нәрсеніӊ линзада алынатын кескінін сипаттаӊыз.

Тапсырма № 2

Нәрсе жинағыш линзадан d> қашықтықта орналасқан. Нәрсеніӊ линзада алынатын кескінін сипаттаӊыз.

Тапсырма № 3

Нәрсе жинағыш линзадан d<F қашықтықта орналасқан. Нәрсеніӊ линзада алынатын кескінін сипаттаӊыз.

Тапсырма № 4

Нәрсе шашыратқыш линзадан F=d қашықтықта орналасқан. Нәрсеніӊ линзада алынатын кескінін сипаттаӊыз.

Топтар берілген плакаттарға кескіндерді жасайды. Соӊ тақтаға шығып әр бір топ өзініӊ тапсырмасын қорғайды.

Оқушылар тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін жалпы қорытынды жасаймыз.

Қорытынды:

1) Егер нәрсе жинағыш линзадан 2F>d>F қашықтықта орналасқан болса, онда шын, төңкерілген, үлкейтілген кескін пайда болады.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba082-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_7.swf

2) Егер нәрсе жинағыш линзадан d> қашықтықта орналасқан болса, онда шын, төңкерілген, кішірейтілген кескін пайда болады.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba082-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_7.swf

3) Егер нәрсе жинағыш линзадан d<F қашықтықта орналасқан болса, онда жалған, тура, үлкейтілген кескін пайда болады.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba082-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_7.swf

4) Шашыратқыш линзада нәрсеніӊ линзадан қашықтығы қандай болуына қарамастан, кескін жалған, тура, кішірейтілген болады.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba082-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_7.swf

F<d<

d>

4) Сабақты бекіту Оқушылар теориялық білімді қолдану

дағдысын тексеру үшін тапсырмалар орындайды

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba081-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_6.swf

Таратпа материал

Сабақтың соӊы

35-40 мин

5) Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

6) Үйге тапсырма: Физика және астрономия. 8-сынып. Алматы «Мектеп» 2008.

§ 70, 71  218-223 бет. 31-жаттығу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулы және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сырттай бақылай отырып, кері байланыс беріп, орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отыру. Әрбір топ таныстырылым жасағаннан кейін оларға қабілетті оқушылар сұрақтар қояды.

Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындалуын сырттай бақылау арқылы бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Интернет ресурстары

1. Тонкая линза (N 105307) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/ad940bbf-3074-5eef-a6f2-1bab681be8ce/?interface=pupil&class=50&subject=30

2. Микроскоп (N 105318) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/c942dfca-a736-77fc-5dd0-4b524968572c/?interface=pupil&class=50&subject=30

3. Система из двух линз (N 105323) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/ce2944ff-d7c2-1168-f4f2-8a0705f6dd15/?interface=pupil&class=50&subject=30

4. Оптические приборы (N 90395) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/9eb9e92a-5f1d-6a64-2389-140a65410171/?interface=pupil

5. Тестовая работа "Оптические приборы". (N 123972) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/9d6c6569-7c98-4bc1-b1f3-5c1c0fae9f17/?interface=pupil&class=51

6. Запомни "Оптические приборы". (N 123913) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/4e472bc7-f5da-4d63-81e3-881511f6ae17/?interface=pupil&class=51

7. Возможности оптических телескопов (N 88631) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/9ed80390-754e-b218-a264-cb0a1a65a692/?interface=pupil&class=51

8. Волоконно-оптическая связь (N 92328) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/14574ac4-359f-1565-d056-f17168e36bac/?interface=pupil&class=51

9. Оптический пинцет (N 53792) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/186bc402-2e99-41d3-9ebc-bba73e1a43e7/?interface=pupil&class=51

10. ЭЛЕКТРОННЫЙ МИКРОСКОП (N 36172) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/d50b9e65-2155-1e69-4284-cd53bebd8621/?interface=pupil&class=51

11. Оптические телескопы XXI века (N 54009) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/39533023-a165-4fca-a97e-b2842b0160bb/?interface=pupil&class=51

12. Слайд-шоу "Фотоаппарат" (N 124102) http://school-collection.edu.ru/catalog/res/5451d3a6-0556-4a90-94ca-44f281c96329/?interface=pupil&class=51



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу