Жұқа линза формуласы. Линзаның ұлғайтуы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Нұсқаулық карта «Жұқа линзаның формуласы. Линзаның ұлғайтуы».
Сабақ мақсаттары:
- жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау
– жұқа линзада сәуленің жолын салу және алынған кескінге сипаттама беру;
Бағалау критерийлері :
- - эксперимент түрде жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтайды;
- линзаның оптикалық күшінің физикалық мағынасын біледі;
- сызықтық ұлғайуды анықтайды;
- жұқа линзаның формуласын есеп шығаруда қолданады;
- линзаның ұлғайту формуласын есептерде қолданады..
НАЗАР АУДАРЫҢДАР!!! БАРЛЫҚ ҚОРТЫНДЫЛАРДЫ ДӘПТЕРГЕ ЖАЗЫҢДАР.
1 тапсырма. Эксперименттік тапсырманы жұпта орындаңдар.
Мақсат: дөңес линзада алынған кескін үшін фокустық қашықтықтың F, линза және дене арасындағы қашықтық d және линза мен кескін арасындағы қашықтық f арасындағы тәуелділікті анықтау
Құралдың сыртқы түрі.
Назар аударыңдар!!! Экспериментте қолданатын линзаның фокустық қашықтығы 0,1 м (100мм).
Суретке қарап, жұмыста қолданатын құралдарды атаңдар:
Жұмыс барысы:
1. Линзаны L-денеден 18 см қашықтықта орналастырындар. Экранның орнын ауыстырып, айқын кескінді алындар.
2. Линза мен дене арасындағы d және линза мен кескін арасындағы f қашықтықтарды өлшеп, кестеге жазындар.
3. Дене биіктігін L, кескін биіктігін L′ , d және f мәндерін әр жағдай үшін 2 кестеге жазыңдар.
3. Линзаны денеге жақындатып тәжірибиені 3 рет қайталаңдар, f қашықтықты өлшендер. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазындар.
5. Ондықтарға дейін дөңгелектеп есептеп 5, 6, 7 бос бағаналарды толтырындар.
d, м | f, м | F, м | 1/d, м-1 | 1/f, м-1 | 1/F, м-1 |
0,18 | 0,1 | ||||
0,20 | 0,1 | ||||
0,22 | 0,1 |
Сұрақтарға жауап беру :
Соңғы үш бағанадағы мәндерді салыстырындар. Қандай қорытынды жасауға болады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1/d + 1/f орташа мәнді есептендер 1/F орташа мәнімен салыстырындар.
Нәтижелерді формула ретінде қорытындар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?