№ 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Физика, 8 сынып, презентация.


5 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткішін анықтау»

Оқу мақсаттары:

экспериментте шынының сыну көрсеткішін анықтау;

– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау.

Қайталау сұрақтары: 

1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 

2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең? 

3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус? 

4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 

5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастан өткенде бағытын көбірек өзгерте ме, әлде шыныдан өткенде ме? 

Қайталау сұрақтарының жауаптары: 

1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең? (600 )

2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең? (700)

3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус?  (300)

4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең?  (600)

5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастан өткенде бағытын көбірек өзгерте ме, әлде шыныдан өткенде ме? 

 (алмас)

«Шынының сыну көрсеткішін анықтау»

Бағалау критерийлері:

жарықтың сыну құбылысын түсінеді, қолдана алады;

жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтай біледі;

сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстырады және эксперимент нәтижесін бағалай біледі.

физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Есептер шығару

1-ші топ 

1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең. 

2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар.

3. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 300-қа тең болса, лағыл тастың сыну көрсеткішін анықтаңдар. 

2-ші топ 

1. Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар. 

2. Сәуле судан шыныға өтеді. Түсу бұрышы 450. Сыну бұрышын табыңдар. 

3.Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортада жарық жылдамдығы неге тең

№5 Зертханалық жұмыс

Қорытынды:

Шынының сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес, яғни түсу бұрышын өзгерткенде n өзгермейді.

Рефлексия

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,  риза емеспін.

Үй жұмысы

Жарықтың сыну және заңына есептер шығару.

Жарық шоғының слюдаға түсу бұрышы 240 болғанда, сыну бұрышы 300 -қа тең. Слюданың абсолют сыну көрсеткішін және жарықтың слюда ішіндегі таралу жылдамдығын анықтаңдар?

Жарық шоғы ауадан суға өтеді. Түсу бұрышы 760 , сыну бұрышы 470. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу