Сыну туралы дәйектер. Шын және көрінетін тереӊдік. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сыну туралы дәйектер. Шын және көрінетін тереӊдік.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны: -

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;

Сабақтың оқу мақсаттары

- жарықтыӊ сынуы ұғымын түсіну;

- жарықтыӊ сыну құбылысыныӊ физикалық мағынасын түсіну;

- сыну құбылысында пайдаланатын терминдерді (түсу бұрышы, нормаль, сыну бұрышы, екі орта шекараасы ж.т.б.) білу;

- ортаныӊ оптикалық тығыздығы туралы ұғымға ие болу және түсіну;

- жарықтыӊ сыну заңын қолдану.

- шын және көрінетін тереӊдікті білу;

 Бағалау критерийлері

жарықтыӊ сынуы ұғымын түсінеді;

- жарықтыӊ сыну құбылысыныӊ физикалық мағынасын түсінеді;

- сыну құбылысында пайдаланатын терминдерді (түсу бұрышы, нормаль, сыну бұрышы, екі орта шекараасы ж.т.б.) біледі;

- ортаныӊ оптикалық тығыздығы туралы ұғымға ие болу және түсінеді;

- жарықтыӊ сыну заңын қолданады.

- шын және көрінетін тереӊдікті біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек. Олар жарық сәулесінің әртүрлі мөлдір ортаға өткенде қалай сынатынын ауызша және жазбаша түсіндіре алулары керек.

Пәнге тән лексика мен терминология:

нормаль (сызық), түскен сәуле, сынған сәуле, түсу бұрышы, сыну бұрышы, бөліну шекарасы, орта/орта

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулесінің жылдамдығы өзгереді. Оның нәтижесінде жарық сәулесінің бағыты өзгереді.

Жарық екі орта шекарасына перпендикуляр бағытта түссе ол өзініӊ бағытын өзгертпейді, яғни сынбайды.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Жарықтың түзусызықпен таралу заңы мен шағылу заңын біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-5 мин

  • Оқушылардың өткен материалды еске түсірулері үшін сұрақтар қойылады
  • Жарықтың түзусызықпен таралу заңын тұжырымда
  • Шағылу заңын тұжырымда
  • Түсу бұрышы деп……..
  • Шағылу бұрышы деп……
  •  Ой қозғау.

Оқушылар суы бар стақанда тұрған сызғышты бақылайды.

Сыныпқа қойылатын сұрақтар:

• не көргендерін сипаттау.

• олардың көргендері нақты ма?

  • олардың бақылаған әсерлерінің себебі неде? (Оқушылардан олар жарықтың жолы туралы не ойлайтындарын сұраңдар). Қойылған сұрақтар бойынша оқушылардыӊ жауаптарын тыӊдаймыз және оларға кері Б

байланыс береміз

Суы бар стақандағы сызғыш;

Бос ыдысқа салынған монета, екінші стақанға су құйылған, оны бірінші стақанға құю үшін қажет.

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-35 мин

 3) Түсіндіру. Біз білеміз жарық екі орта шекарасынан шағылады. Ал егер екінші орта мөлдір болса, онда жарық екінші ортаға өтіп таралады. Бұл жағдайда жарықтыӊ сыну құбылысы байқалады.

 Стақанға тұрғызылған сызғыш ауа-су шекарасында сынған сияқты көрінеді.

 Жарықтыӊ сынуы ұғымын қалыптастыру.

 Сыныппен бірге сыну құбылысына төмендегіше тәжірибе жасаймыз: суды құйғанға дейін стақанның түбінде көзге көрінбейтін монета орналастырылады, стақанға су құйғанда, ол көтерілгендей болып көрінеді.

 Оқушыларға сұрақ: неліктен су құйғаннан кейін бізге монета көрінеді?

 Оқушылардыӊ жауаптарын тыӊдаймыз. Соӊ бұл құбылыстыӊ физикалық мағынасын түсіндіреміз.

 Стақанда су жоқ кезінде бізге монета көрінбейді, өйткені монетадан шағылған жарық біздіӊ көзімізге түспейді. Ал егер стақанда су болса, монетадан шағылған жарық су-ауа шекарасында бағытын өзгертіп көзімізге түседі, сөйтіп монета бізге көрінеді.

 Қорытынды: жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде өзініӊ таралу бағытын өзгертеді, яғни сынады.

 Жарықтыӊ сынуы – бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтыӊ таралу бағытыныӊ өзгеруі.

 

  Жарықтыӊ сыну құбылысыныӊ физикалық мағынасын түсіндіру.

 Оқушыларға сұрақ: Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде неліктен таралу бағытын өзгертеді?

 Сыныпқа демонстрациялық фильм көрсету (оқытуда ИКТны қолдану) : Жарықтыӊ сынуы (1 мин.)

 'Преломление света'.mp4

 Қорытынды: жарықтыӊ әр түрлі ортада таралу жылдамдығы әр түрлі болғандықтан жарықтыӊ сыну құбылысы жүзеге келеді.

 

 Сыну құбылысында пайдаланатын терминдерді білу және түсіну.

 Сыну құбылысын қарастырамыз:

 

 1) МN- екі орта шекарасы (судыӊ беті): Ауа-су

 2) S- жарық көзі; SO – түскен сәуле;

 3) СО – екі орта шекарасына жүргізілген перпендикуляр;

 4) OВ – сынған сәуле;

 5) α – түсу бұрышы;

 6) γ – сыну бұрышы;

  Ортаныӊ оптикалық тығыздығы ұғымын қалыптастыру.

 Біз білеміз, жарық - бұл электромагниттік толқын. Оныӊ вакуумдағы таралу жылдамдығы 300000 км/с.

 Оқушыларға сұрақ: Егер жарық вакуумнан басқа ортаға өтсе, мысалы суға өтсе оныӊ жылдамдығы қалай өзгеру мүмкін?

 Егер жарық вакуумнан басқа ортаға, онда жарықтыӊ таралу жылдамдығы кемиді. Мысалы, жарық ауадан суға өткенде оныӊ жылдамдығы кемиді. Бұл жағдайда 2-ортаныӊ (су) 1-ортаға (ауа) салыстырғанда оптикалық тығыздығы жоғары деп айтамыз.

 Егер жарық оптикалық тығыздығы кіші ортадан оптикалық тығыздығы үлкен болған ортаға өтсе, онда сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші болады.

 

 α > γ

 Жарықтыӊ сынуын қолдану.

 Жарықтыӊ сыну құбылысы линза қолданылатын барлық құрал-жабдықтарда қолданылады: көзәйнектер, автомобиль фаралары, фото-видео камера, телескоп, микроскоп объективтері, адамныӊ көз бұршағы, сигналдарды оптикалық талшықтар арқылы жеткізіп беру ж.т.б.

 Табиғаттыӊ еӊ әдемі құбылыстарыныӊ бірі – кемпірқосақта жарықтыӊ сыну құбылысына мысал болады.

 

 Шын және көрінетін тереӊдік

 

 

 Жарықтыӊ су-ауа шекарасында сынуыныӊ нәтижесінде бізге су түбі таяз көрінеді.

 Бұл құбылысты еӊ алғаш рет Евклид сипаттайды.

 

 

 http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba080-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_5.swf

 4) Сабақты бекіту

 Тапсырма №1 (бірінші деӊгей)

 1) Жарық ауадан суға өткен кезінде оныӊ таралу жылдамдығы …

 А) кемиді В) артады

 С) өзгерейді Д) жарық ауадан суға өтпейді

 2) Жарық екі орта шекарасына түсіп жатыр. Түсу және сыну бұрыштарын көрсетіӊдер

 

 3) Жарық ауадан шыны бетіне түсіп жатыр, қайсы суретте шағылған және сынған сәулелер дұрыс көрсетілген

 

 Тапсырма №2 (екінші деӊгей)

 1) Жарық ауадан шыныға түседі. Түсу бұрышымен сыну бұрышын салыстырыӊыз.

 2) Жарық 1-ортадан 2- ортаға өтіп жатыр. Екі ортадағы жарықтыӊ жылдамдықтарын салыстырыӊыз.

 

 А) Бірінші ортада жарықтыӊ таралу жылдамдығы үлкен

 В) Екінші ортада жарықтыӊ таралу жылдамдығы үлкен

 С) Екі ортада жарықтыӊ таралу жылдамдықтары бірдей

 Д) Анықтау мүмкін емес

 

 3) Жарықтыӊ екі орта шекарасына түсу бұрышы 600. Шағылған және сынған сәулелер арасындағы бұрыш 800. Жарықтыӊ сыну бұрышын табыӊыз.

 Тапсырма №3 (үшінші деӊгей)

 1) Қайсы суретте жарықтыӊ оптикалық тығыздығы үлкен ортадан оптикалық тығыздығы кіші ортаға өтуі көрсетілген.

 

 2) Шағылған және сынған сәулелер арасындағы бұрыш 1100. Сыну бұрышымен түсу бұрышыныӊ қосындысы қандай?

 

 3) Неліктен нәрселердіӊ судағы кескіні нәреселердіӊ өзіне қарағанда күӊгірт көрінеді?

 

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba080-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_5.swf

Сабақтың соӊы

35-40 мин

5) Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

6) Үйге тапсырма

Физика және астрономия. 8-сынып. § 67. 209-212 б.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу