Жазық айналар. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары
Оқу мақсаты:
– эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
– айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
Теориялық материал
Жарық бұл адамның көру қабiлетiн пайда ететiн электромагниттiк толқын.
Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. Бізге көрінетін денелердің басым көпшілігі өзінен жарық шығармайды. Егер жарық сәулесі түсетін бет жылтыр, тегіс болса, онда Жарықтың шағылуы айналық шағылу деп аталады. Мысалы, беті мұқият тегістелген металдан Жарықтың шағылуы айналық шағылу болады. Бетке түскен параллель сәулелер шағылған кейiн параллель болып қалса, онда айналық шағылу деп аталады.
.
Айналық шағылу кезінде мынадай заңдылықтар орындалады:
1) Түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінен тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
2) Түсу бұрышы (i) шағылу бұрышына (r) тең.
Егер жарық түскен бет күңгірт немесе кедір-бұдыр болса, онда жарық барлық жаққа бытырай шағылады, яғни жарық жан-жаққа шашырайды. Жарықтың осылай шағылуын диффузиялық (шашырап) шағылу деп атайды. Мысалы, кәдімгі қағаз беті жарықты шашыратып шағылдырады. ( Диффузиялық шағылуда денеден шағылған сәулелер жан-жаққа таралатындықтан, ол денені біз барлық жақтан да көре аламыз. Бетке түскен параллель сәулелер шағылған кейiн параллель болмаса, онда диффузиялық шағылу деп аталады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?