Жазық айналар. 30,45,60,90 градус бұрыш жасай орналасқан айналар жүйесін зерттеу. Физика, 8 сынып, презентация.


Жазық айна.

Жазық айнадағы кескін.

Оқу мақсаты:

8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау

Сабақтың тақырыбы:

Оқушылардың өткен сабақты қалай меңгергендерін тексеру:

1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?

2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?

3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?

4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.

5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?

Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру:

Жазық айна — тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады.

Нүктенің жазық айнадағы кескінінің орнын табу

Ол үшін нүктеден айна бетіне кез-келген бұрышпен екі сәуле түсіреміз. Сол сәулелер өздерінің түсу бұрыштарымен шағылып, олардың түйіскен жерінде нүктенің бейнесі пайда болады

Жазық айнаның формуласы

d=-f

Жазық айна заттың жалған кескінін береді, сондықтан фрмулада айнадан кескінге дейінгі қашықтықтың алдында “-” таңбасы тұрады.

Дененің жазық айнадағы кескінінің орнын табу

Ол үшін дененің төбесінен айна бетіне кез-келген бұрышпен екі сәуле түсіреміз. Сол сәулелер өздерінің түсу бұрыштарымен шағылып, олардың түйіскен жерінде дененің төбесінің бейнесі пайда болады. Ол арқылы денеге симетиялы қылып салуға болады.

Шын-өлшемдері бірдей

Жалған- оң мен солды ауыстырады

Тура- яғни төңкерілмеген

Жазық айнада пайда болған кескіннің сипаттамасы:

Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.

Екі жазық айнаның көмегімен неше кескін алуға болатынын анықтайтын формула бар:

n- кескіннің саны, α - айналар арасындағы бұрыш.

Осы формуланы пайдаланып :

α =900 болғанда n=3

α =450 болғанда n=7

α =300 болғанда n=11 тең екенін анықтадық.

Енді осы жағдайды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрелік.

Арасы тік бұрыш болатын екі айнадан пайда болған үш кескінді көруге болады

Жазық айнаның қасиетін өмірде қайда қолданамыз?

Перископ-жазық айнаның шағылдыру қасиетіне негізделіп жасалған құрылғы. Бұл құралды әскерде және өмірдің көптеген салаларында қолданады.

Калейдоскоп

Калейдоскоп-бірнеше жазық айналардың өзара әл түрлі бұрышпен орналаса отырып бір дененің бейнесін көрсететін құрылғы

Өзара 10° жасай орналасқан екі жазық айнаның ортасына зат қойылды. Айналардан заттың неше кескінін көруге болады?

Жауабы: 35

Жазық айна тақырыпшасын пысықтауға есептер шығару

Жазық айна алдында тұрған оқушы айнаға 2 м/с жылдамдықпен жақындады. Оқушының айнадағы бейнесіне қатысты жылдамдығы қандай?

Жауабы: 4м/с

Жазық айна суретте көрсетілген бағытта v=20км/сағ жылдамдықпен қозғалып барады. Ал автомобиль қарама қарсы бағытта 4v яғни 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Жерге қатысты машинаның айнадағы бейнесінің жылдамдығы қандай?

Жауабы: 100км/сағ

Рефлексия

-нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма. Физика және астрономия 8-сынып. § 65, 28-жаттығу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу