Электромагниттік индукция, генератор. Физика, 8 сынып, презентация.


Электромагниттік индукция , генератор

Оқу мақсаттары:

8.4.3.7 – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.3.8 – Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру

Қайталау сұрақтары:

1. Электр өрісінің көздерін атаңыз.

2. Магнит өрісінің көздерін атаңыз.

3. Магнит өрісі қалай пайда болады?

4. Тұрақты магнит өрісі қалай пайда болады?

5. Магнит өрісінің негізгі сипаттамасын атаңыз.

6. Магнит индукция сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?

7. Тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын қандай ережемен анықтауға болады?

× × × × ×

× × × × ×

× × × × ×

× × × × ×

B

СУРЕТ-ТАПСЫРМА

1. Ампер күшінің бағытын көрсетіңіз.

I

СУРЕТ-ТАПСЫРМА

2. Өткізгіштегі токтың бағытын анықтаңыз.

В

В

В

I ?

СУРЕТ-ТАПСЫРИА

3. Тогы бар шарғының магнит полюстерін анқтаңыз.

+

-

Жауаптары:

Солға

Жоғары

3.

Магнит өрісінің кез-келген өзгерісінде өткізгіште электр тогы пайда болады және ол магнит өрісінің барлық өзгеру процесінде бар болады.

Фарадей тәжірибесі

17 қазан 1831 жыл

Тұйық контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгергенде контурда электр тогы пайда болу құбылысын электромагниттік индукция деп атайды

Алынған ток – индукциялық ток деп аталады.

ҚОРЫТЫНДЫ: Индукциялық ток тұрақты магнит шарғыға қатысты қозғалған кезде пайда болады. Индукциялық токтың бағыты сыртқы магнит өрісінің В векторының бағытына тәуелді.

«Генерация» термині электротехникаға латын тілінен енген. Ол «құру» деген мағынаны білдіреді. Энергетикаға қатысты айтатын болсақ, генератор дегеніміз электр энергиясын өндірумен айналысатын техникалық қондырғы. Сондай-ақ электр тогын энергияның басқа түрлерін түрлендіру есебінен алуға болатынын айта кету керек, мысалы:

химиялық;

жарық:

жылу және т.б.

Электр энергиясы өндірілу түріне қарай генераторлардың мынадай түрлері бар:

тұрақты ток;

айнымалы ток;

Генератор дегеніміз - механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналарды айтамыз. Генератордың әрекет ету принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Демек, мұндай өткізгіш электр энергиясының көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Генераторларда өткізгіштің түзу сызықты емес, айналатын қозғалысы қолданылады. Кез-келген генератордың негізгі бөлігі болып магниттер жүйесі немесе көбінесе магнит өрісін құратын және осы магнит өрісін қиылыстыратын өткізгіштер жүйесі электромагнит болып табылады.

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма §59 27-жаттығу (1,2,3)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу