Электромагниттік индукция, генератор. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электромагниттік құбылыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Электромагниттік индукция, генератор

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.7 – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.3.8 – Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру

Сабақтың мақсаты

  • электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
  • генератор құрылғысын және жұмыс істеу принципін білу;
  • Әлемде және Қазақстанда электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру;

Бағалау критерийлері

  • электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді;
  • генератор құрылғысын және жұмыс істеу принципін біледі;
  • Әлемде және Қазақстанда электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіреді;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электромагниттік индукция-электромагнитная индукция-electromagnetic induction

Генератор-генератор-generator

Индукциялық ток

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электромагниттік индукцияны ашқан.....

Генератор дегеніміз …

Индукциялық ток деп..........

Электромагниттік индукция дегеніміз........

Құндылықтарды дамыту

Дұрыс щеещім қабылдау үшін сыни ойлауға, өзіне және өзгеге құрметпен қарау үшін жауапкешілікті арттыруға бағытталады,

Пән аралық байланыстар

Логикалық байланыстарды көрсету барысында математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар жайында алдың,ы сабақтан біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

5-7 минут

7-9 минут

  • Оқушылар магнит өрісіне қатысты теориялық материалды еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді.

1. Электр өрісінің көздерін атаңыз.

2. Магнит өрісінің көздерін атаңыз.

3. Магнит өрісі қалай пайда болады?

4. Тұрақты магнит өрісі қалай пайда болады?

5. Магнит өрісінің негізгі сипаттамасын атаңыз.

6. Магнит индукция сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?

7. Тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын қандай ережемен анықтауға болады?

Жұптық жұмыс. Оқушылардың қолдану дағдысын тексеру үшін слайдта «Сурет-тапсырма» беріледі

Мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарын көрсетеді. Оқушылар өзін-өзі тексереді.

Жауаптары:

  • солға
  • жоғары
  • сол жақта S оң жақта N
  • Ой қозғау. Магнит өрісі арқылы электр тогын алуға бола ма? Ол үшін не істеу қажет?

Оқушылар жұпта талқылайды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс бере отырып, оларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.

Презентация

Презентация

Сабақтың ортасы

9-19 мин

19-25 мин

25-35 мин

35-38 мин

  • а)Электромагниттік индукция құбылысын мұғалім түсіндіреді.

b) Оқушыларға қойылытын ой қозғау сұрағы «Генераторлар қалай жұмыс жасайды?»

Оқушылар жұпта талқылайды және жалпы сынып оқушылармен өз ойымен бөліседі. Мұғалім кері байланыс жасайды толықтырулар енгізеді.

c) Оқушылардың топпен жұмыс жасаqls.

Оқушыларға әлемде және Қазақстанда электр энергиясын өндірудегі жаңалықтар мен заманауи жетістіктерін зерттеуді ұсыныңыз.

  • жылу ЭС
  • гидро ЭС
  • альтернативті (күн және жел ЭС)
  • атом ЭС және Қазақстанда электр энергиясын пайдалану

Оқушылар өздерінің қорытындыларымен бөліседі және бір-бірінің жұмыстарын бірлесіп құрастырған критерий бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • Мазмұн тереңдігі (2 балл);
  • Барлық топ мүшелерінің белсенді қатысуы (1 балл);
  • Тайм-менеджмент (1 балл);
  • Презентаияның эстетикалық түрі (1 балл) және т.б)
  • Сабақты бекіту Оқушылардың теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру

Тест тапсырмалары

1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?А) электр өрісіӘ) электромагниттік индукция құбылысыБ) магнит өрісі2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?А) Андре Мари АмперӘ) Александро ВольтаБ) Майкл Фарадей3. Индукция латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?А) магнитӘ) бағыттауБ) өріс4. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?А) трансформаторӘ) генераторБ) ротор5. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машинаА) трансформаторӘ) генераторБ) ротор

6. Генератордың айналатын бөлігі қалай аталады?

А) ротор  ә) статор   б) якорь

7. Генератордың қозғалмайтын бөлігі қалай аталады?

А) ротор  ә) статор   б) якорь

8.Генератор неше бөліктен тұрады?

А) 1                 ә) 2                     б) 3

9. Магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтауға қолданылатын ереже:

А) Оң қол ережесі В) Сол қол ережесі

С) Оң бұранда ережесі Д) Ленц ережесі

https://bilimland.kz/ru/courses/physics-ru/ehlektrodinamika/ehlektromagnitnaya-indukcziya/lesson/yavlenie-ehlektromagnitnoi-indukczii

https://twig-bilim.kz/ru/film/how-do-generators-work

Сабақтың соңы

38-40 мин

  • Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

  • Үйге тапсырма §59 27-жаттығу (1,2,3)

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

- электромагниттік индукция құбылысын сипатайды;

- әлемде және Қазақстанда электр энергиясы қайда және қалай өндіріледі;

- генератор құрылғысымен танысады және үйренеді;

Көптеген оқушылар:

- генератор қалай жұмыс жасайтынын біледі және түсінеді;

- әр түрлі типтегі энергияның электр энергиясына түрленуі қалай өтетінін білу және түсіну;

Кейбір оқушылар:

  • Фарадей тәжірибесін жүргізеді және сипаттайды;

өзара бағалау және өзін-өзі бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу