Электромагниттік индукция, генератор. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаттары:
8.4.3.7 – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.3.8 – Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру
Практикалық тапсырма
- Катушканы миллиамперметрге қосыңдар.
- Өзекшені катушканың ішіне салып, қайтадан алыңдар.Тәжірибені бірнеше рет қайталаңыз. Осы кезде амперметр көрсеткіші өзгере ме? Катушканың ішіне салған кезде магнит ағыны өзгере ме?
- Магнитті катушка ішінде бірнеше секунд тоқтатыңыз. Бұл кезде миллиамперметр нені көрсетеді? Магнитті тоқтатқан кезде магнит ағыны өзгерді ме?
- Өзекшені катушка ішінде жылдам қозғалтыңдар. Амперметр көрсеткіші өзгерді ме? Қалай?
- Қай уақытта катушкада ток пайда болды? Қорытынды жасаңдар.
- Катушка мен магнит ағынының арасында қандай байланыс бар екендігін анықта? Қорытынды жасаңыз.
- Суреттегідей 400 орамды катушкалардан тұратын қондырғыны жинаңдар.Екі бірдей катушка арасындағы жолақ магнитті айналдырып, амперметр тілшесінің ауытқуын бақылаңдар. Катушка ішіне темір өзекше салып тәжірибені қайталаңдар. Қорытынды жасаңдар.
- Магниттің тез жəне баяу айналуындағы құралдың тілінің ауытқу амплитудасын салыстырыңыздар.
- 400 орамы бар катушканы 1600 орамы бар катушкамен ауыстырыңдар. Магнитті орауыштың қасында айналдырыңыздар жəне құрал тілінің ауытқуын өткен жағдаймен салыстырыңыздар.
- U-пішінді өзекке 1600 орамы бар орауышты кигізіңіздер. Орауыштың қорытындысына қыздыру шамның схемасын қосыңыздар. магнитті тез айналдырыңыздар. Шамды бақылаңыздар
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?