Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:: Электромагниттік құбылыстар | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.3.5 – магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау; 8.4.3.6 – электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Тогы бар өткізгіш- conductor with current-проводник с током Электрқозғалтқыш- electric motor- электродвигатель Электрөлшеуіш құралдар- electrical measuring instruments- электроизмерительные приборы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Тогы бар өткізгішке магнит өрісі әсер етеді........ Электрқозғалтқыш дегеніміз...... | |||||
Құндылықтарды дамыту | Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Есептеулер жүргізгенде математика пәнімен байланыс. | |||||
Бастапқы білім | Магнит өрісі, тұрақты магнит, соленоидтың магнит өрісі, электромагнит және оны қолдану | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 минут 5-7 минут 7-12минут 12-22 мин 23-25 мин 25-30 мин 30-38 мин | 1) Оқущылар алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді. 1. Магниттің аттас және әр аттас магниттік полюстері өзара қалай байланысқан? 2. Жердің берілген орнында магниттік тілше белгілі бір бағытта орналасатындығы қалай түсіндіріледі? 3. Жердің магнит полюсі қайда орналасқан? 4. Магниттік аномалия дегеніміз не? 5. Ең үлкен магниттік аномалия қайда орналасқан? 2) Оқушылардың жауабына кері байланыс жасайды да мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады 3) Түсіндіру.Видоматериал көрсетіледі Өткізгіштің айналасындағы магнит өрісі туралы оқушылардың талқылауға қатысады. Оқушылардың талқылауынан кейін мұғалім тақырыпты түсіндіреді Демонстрациялық тәжірибені жүргізу (Эрстед тәжірибесін қайталау) Техника қауіпсіздігін сақтау. 4) Топтық жұмыс.Оқушылар мына тақырыптарға таныстырылым дайындайды. 1-топ: Электрқозғалтқыштың жұмыс істеу принципі 2-топ: Электрқозғалтқыштардың артықшылықтары 3-топ: Электрқозғалтқыштардың қолданылуы 4-топ: Электрөлшеуіш аспаптар Таныстырылымды қорғау .Оқушылар өздерінің қорытындыларымен бөліседі, бір-бірінің жұмыстарын бірлесіп құрастырған критерий бойынша өзара бағалайды. Бағалау критерийлері:
(1 балл);
Мұғалім кері байланыс жасайды. 5) Сабақты бекіту Оқушылардың жеке жұмысы. Олар жаттығуды орындау. Мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарын көрсетеді. Оқушылар дайын жауаптар арқылы бір-бірін тексереді. Жауаптар: 1. а) солға б) оңға 2. а) жоғары б) оңға в) бізден ары г) солға | Презентация Тогы бар түзу өткізгіштің төңірегіндегі магнит өрісі 1,2 видео Презентация Таратпа материал | ||||
38-40 минут | 6) Кері байланыс 7) Үй тапсырмасы §56 | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | ||||
| Формативті бағалау, өзара бағалау | ҚЕ нұсқаулығымен таныстыру | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?