Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабатың тақырыбы: Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Оқу мақсаты: қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру

Сұрақтарға жауап бер

1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар

2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?

3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?

4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?

5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?

6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?

Жұпта талқылауға берілетін сұрақтар

  • Қысқа тұйықталу қалай пайда болады және оның алдын алу жолдары қандай?
  • Қыздыру шамының қыл сымы қандай материалдан дайындалуы қажет?
  • Қыздырғыш құралдардың спиральдары дайындалатын металда қандай қасиеттер болуы қажет?
  • Ұзындығы мен көлденең қимасы бірдей темір және мыс сымдар параллель жалғанған. Қайсысында көп жылу бөлінеді?
  • Электр плиткасының спиралі қысқартылды. Егер плитканы сол кернеуге қосса, бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді?
  • Балқымалы сақтандырғыштарда баяу балқитын металлдарды қолданбайтыны неліктен?
  • Жөндеу кезінде электрқыздырғыштың спиралін қысқартқан.Оның қуаты мен қызуы өзгере ме? Неге?
  • Электрқыздырғышына ток жеткізетін сымдар спираль сияқты неге қызбайды?
  • Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын қолдануға бола ма?

Тұрмыста қолданылатын электр құралдарының 1 сағаттағы жұмысын есептеңдер.

Электр құралдары

Қуаты

Шаңсорғыш

6500Вт

Электр үтігі

600Вт

Кір жуғыш машина

500Вт

Тоңазытқыш

200Вт



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу