Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар. Физика, 8 сынып, презентация.


Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Оқыту мақсаты:

8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болуы және оның алдын алу жолдарын түсіндіру

Электрқыздырғыш прибордың энергиясының құнын есептеу

Тариф (В) = 9,383 тенге/кВтсағ

Сынып бөлмесіндегі шамдарға жұмсалатын электр энергиясының құнын анықтау (тәулік, ай, жыл)

Өз үйлеріндегі электр тұтынушы құралдарға жұмсалатын энергияның құнын анықтау (тәулік, ай, жыл)

Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары болып табылады.

Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына

оптималды болса да, олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Ол ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы

бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.

1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков(1847 - 1894) дүние жүзінде

бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстың электротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» деп аталатын электр доғалы шам жасады. Мұндай шамдар 1878 жылы Париждің алаңдары мен көшелерінде орнатылды, ал кейін Москва мен Петербургте пайда болды. Яблочков шамын Европада оның замандастары «орыстың жарық көзі» деп атаса, ал Ресейде «орыстың күні» деп атады.

Қыздыру

шамының

құрылысы

Қысқа тұйықталу дегеніміз – ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуы.

Қысқа тұйықталу

Балқымалы сақтандырғыштар

Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атайды.

Қысқа тұйықталу кезінде қауіпті жағдайлар болдырмау үшін электр тізбегін ажыратып жіберуге арналған құралдар балқымалы сақтандырғыштар деп аталады.

Сақтандырғыштардың міндеті – ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу.

1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар

2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?

3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?

4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?

5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?

6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?

Түсіндіріңіз:

Қысқа тұйықталу қалай пайда болады және оның алдын алу жолдары қандай?

Қыздыру шамының қыл сымы қандай материалдан дайындалуы қажет?

Қыздырғыш құралдардың спиральдары дайындалатын металда қандай қасиеттер болуы қажет?

Ұзындығы мен көлденең қимасы бірдей темір және мыс сымдар параллель жалғанған. Қайсысында көп жылу бөлінеді?

Электр плиткасының спиралі қысқартылды. Егер плитканы сол кернеуге қосса, бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді?

Тұрмыста қолданылатын электр құралдарының жұмысын есептеу.

Ауызша сұрақтар

1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар

2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?

3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?

4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?

5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?

6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?

Жұпта талқылауға берілетін сұрақтар

Қысқа тұйықталу қалай пайда болады және оның алдын алу жолдары

қандай?

 

2) Қыздыру шамының қыл сымы қандай материалдан дайындалуы қажет?

3) Қыздырғыш құралдардың спиральдары дайындалатын металда қандай

қасиеттер болуы қажет?

4) Ұзындығы мен көлденең қимасы бірдей темір және мыс сымдар параллель жалғанған. Қайсысында көп жылу бөлінеді?

5) Электр плиткасының спиралі қысқартылды. Егер плитканы сол кернеуге

қосса, бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді?

6) Балқымалы сақтандырғыштарда баяу балқитын металлдарды қолданбайтыны

неліктен?

7) Жөндеу кезінде электрқыздырғыштың спиралін қысқартқан.Оның қуаты мен

қызуы өзгере ме? Неге?

8) Электрқыздырғышына ток жеткізетін сымдар спираль сияқты неге қызбайды?

9) Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын қолдануға бола ма?

Нені түсіндім?

Нені түсінбедім?

Қосымша нені қайталауым керек?

Рефлексия 

Үйге тапсырма:

§ 43, 44; оқу 22-жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу