Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | -қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін анықтау және алдын алудың жолдарын қарастыру. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар жайында ауызша түсіндіредіПәнге тән лексика мен терминология: электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, температура, кедергі, қуат ,электр энергиясы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: қысқа тұйықталу деп........... балқымалы сақтандырғыштардың қызметі ....... ПӘК-і деп........................ | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Есептерді шығарғанда математика пәнімен байланыс | ||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Электр тогының жұмысы мен қуаты. Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0- 10 мин 10-20 мин | 1. Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында оқушылар тапсырма орындайды Бір сағаттағы электр қыздырғыш прибордың энергиясының құнын есептеу. Тариф (В) = 9,383 тенге/кВтсағ
Электр қыздырғыш құралдарының ПӘК-і, энергия шығыны туралы тапсырмаларды бере отырып, оқушыларды электр энергиясының шығыны және оны үнемдеу жолдарын анықтау туралы ойлануға бағыттайды. 2) Түсіндіру. «Ақпарат» аялдамасыЕң алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков (1847 - 1894) дүниежүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстыңэлектротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» депаталатынэлектрдоғалышамжасады. Мұндайшамдар 1878 жылыПариждіңалаңдары мен көшелеріндеорнатылды, ал кейін Москва мен Петербургтепайдаболды. Қысқа тұйықталуБалқымалы сақтандырғыштар Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атайды. Қысқа тұйықталу кезінде қауіпті жағдайлар болдырмау үшін электр тізбегін ажыратып жіберуге арналған құралдар балқымалы сақтандырғыштар деп аталады | http://www.youtube.com/watch?v=bO91e0AaGGg&feature=related еориялық білім алу: http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba076-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_20.swf Әдебиет: Дүйсембаев Б.М., т.б. «Физика және астрономия» 8-сынып | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20-25 мин 25-35 мин 35-38 мин | 3. Сабақты бекіту. Теориялық материалды түсінгендіктерін тексеру үшін оқушыларға сұрақтар қойылады. 1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар 2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай? 3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады? 4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не? 5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек? 6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады? Жұпта талқылауға берілетін сұрақтар
Жеке жұмыс.Тұрмыста қолданылатын электр құралдарының жұмысын есептеу.
Бүгінга сабақта талқыланған сұрақтар бойынша мұғалім кері байланыс жасайды. | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | 4. Рефлексия
5. Үйге тапсырма § 43, 44; оқу22-жаттығу | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?