Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік

Тест тапсырмасының жауаптары

1 В

2 С

3 С

4 С

5 А

Ой қозғау. Төмендегі суретке қараймыз, не байқадық ?

Сабақ мақсаты:

Металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау.

Демонстрация

Тәжірибенің қорытындысы: Амперметрдің көрсеткіші өзгереді және спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді. Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады.

Кейбір таза металдардың кедергісі көп артады, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады.

Проблемалық сұрақ:

Қыздырғанда кедергінің өсу себебі не болуы мүмкін?

Өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдықтордың түйінділеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:

бұдан

.

Ал сұйықтарда басқаша құбылысты байқауға болады. Егер тізбекке темір сымның орнына қандайда бір электролитті (мысалы, тұздың судағы ерітіндісін) қоссақ, онда электролит қызған сайын, токтың артатынын амперметрден байқаймыз.

Демонстрация.

Тәжірибенің қорытындысы: температура артқанда заряд тасымалдаушылардың қозғалысы артады да электролиттердің кедергісі кемиді

Асқын өткізгіштік.

Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.

Бекіту тапсырмалары:

1.Оқулықтағы 87-суретте көрсетілген график бойынша өткізгіш кедергісінің температуралық коэффициентін анықтау.

2.Электр пешіндегі никелин орамы қыздырылмаған күйіндегі кедергісі 10 Ом. Егер орамды 700°С дейін қыздырса, онда орамның кедергісі қандай болады? (0,30*10-3 К-1)

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Электр кедергісінің температурағы тәуелділігі және асқын өткізгіштікткізгіштіқ тақырыбын қайталау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу