№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімдіжоспардыңбөлімі: Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтыңтақырыбы | № 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» | ||||||
Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; 8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау; | ||||||
Сабақ мақсаттары | - электр тогының жұмысы мен қуатын эксперимент жүзінде анықтай алу; - электр энергиясының құнын есептеу үшін кВт·сағ өлшем бірлігін қолдана алу; физика кабинетінде техника қауіпсіздігінсақтау. | ||||||
Бағалау критерийлері | - электр тізбегін дұрыс құрастырады; - қажетті құралдарды қолдана отырып, ток күші мен кернеудің мәндерін өлшей алады; - электр тогының жұмысы мен қуатын эксперимент жүзінде анықтай алады; -электр энергиясының құнын есептеу үшін кВт·сағ өлшем бірлігін қолдана алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Электр энергиясынөндіру, жеткізу және тұтыну, энергия көздері, балама энергия көздері, жылу мөлшері, ток күші, кернеу, кедергі, электр энергиясын есептегіш, токтың жұмысы Физикалық терминдерді дұрыс түсініп және қолдана алуына, жүйелі түрде сөздік-терминологиялық қорын арттыруға күш салу (қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде) Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жылу электр станцияларында ........ ..... энергиясы электр энергиясына айналдырылады. Қазақстанда өндірілетін жалпы энергия қуаты .... Электр станциялары ұлттық, .... және .... мақсаттағы болып бөлінеді. Ток күші – бұл ... Кедергі – бұл ... Кернеу – бұл ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында электр энергиясын үнемдеуге деген жауапкершілік пайда болады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Есептеу барысында математика пәнімен, ал үнемдеу жағын талқылағанда экономика пәнімен байланыс. | ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Джоуль-Ленц заңы. Токтың жұмысы мен қуаты | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған әрекеттері | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-5мин Сабақтың ортасы 5-10мин 10-25мин 25-35 мин | 1) «Джоуль-Ленц заңы. Токтың жұмысы мен қуаты» тақырыбын еке түсіру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. Белсендіру. « Иә немесе Жоқ»
2) Теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады
Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасайды және бүгінгі сабақты зертханалық жұмыс жасауға бағыттайды 3) Зертханалық жұмыс «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» Мақсаты- электр құралдарының техникалық паспортын оқып танысып, тұрмыста қолданылатын электр құралдарының қуатын есептеу; осы құралдардағы электр тогының атқарған жұмысын есептеу; шығындалған электр энергиясын және оның құнын есептеу. Материалдар мен құралдар: электр тогын тұтынатын құралдардың техникалық паспорттары, электр тогын тұтынатын құралдар: электр шәйнегі, фен, электр плитасы, электр қыздырғыш, үтік, шырағдан/светильник, электр шамдары, қайнатқыш, (телевизор, компьютер). Тапсырма
Құны =ЖұмысТариф Оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар. 1. Әрқайсысының кедергілері 5 Ом – ға тең екі шам бастапқыда тізбектей, одан кейін параллель жалғанған. Екі жағдайда да 9 В жалпы кернеу көзіне қосылған. Бірдей уақыт аралаығында қай жағдайда электр тогы жұмысының мәні көбірек болады және неше есе көп болады? 2. Электр қозғалтқышының тогы 20 минут уақытта қандай жұмыс атқарады, егер тізбектегі ток күшінің мәні 0,5 А, ал, қозғалтқыштың қысқыштарындағы кернеу 12 В-қа тең болса? | Таратпа материал Қосымша Зертханалық жұмысты бағалау критерийлері | |||||
Сабақтың соңы 35-40мин | 4) Үй тапсырмасы. 1. Өз үйлеріңдегі, пәтерлеріңдегі электр есептеуіштің көрсетуі бойынша электр энергиясының құнын есептеңіздер. 2.Өз жанұяларыңыздың бір тәулікте, бір аптада немесе бір айда тұтынатын электр энергиясы шығынының құнын есептеңіздер. 5) Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қабілетті оқушылар «эксперт» ролін атқарып, топтағы басқа оқушыларға көмек көрсете алады. | Комментарийлер «Екі жұлдыз бір тілек» түрінде жазылуы мүмкін.Оқушылар жетістіктерін атап өтеді, сонымен қатар, келесі жолғыға өздерінің ұсыныс-тілектерін айтады. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?