№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Жұмыстың тақырыбы: № 7 зертханалық жұмыс.«Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Оқу мақсаты:

– эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

– кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

1) Ауызша сұрақтар

1.Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді?

2.Токтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңыз.

3.Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады?

4.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады?

2) Есеп шығару үлгісі

Үтікті күнделікті 20 мин уақыт қолданады. 30 күндегі токтың атқарған жұмысын есептеңіз және құнын анықтаңыз. Тариф 1кВт*сағ =19.67тг

Құрал

Үтік

Қуат, кВт

0,6

t = 20 мин=1/3 сағ х 30 күн. = 10 сағ.  А = 0,6 кВт х 10 сағ. = 6 кВтсағ

Құны = А * тариф=6 кВт*сағ*19,67=118.02 тг

3) «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Бағалау критерийлері:

  • Тұрақты токтың жұмысы мен қуаттың формуласын практикалық тапсырмаларда қолдана алады;
  • кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізе алады;
  • Қоршаған ортада кездесетін түрлі техникалық құрылғылардың электр тогының жұмысын және қуатын анықтай алады.

1.Жұмыстың орындалу барысы:

  • Ток көзінен, шамнан, амперметрден, кілттен тұратын тізбекті тізбектей жалғаңыздар және вольтметрді шамға параллель жалғаңыздар, тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңіздер;
  • Вольтметрдің және амперметрдің көрсетуін жазыңыздар;
  • Тізбекті ажыратыңыздар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңіздер;
  • Тізбектің сұлбасын салыңыздар;
  • Электр тогының қуатын Р=UхI формуласы бойынша есептеңіздер;
  • А=UxIxt формуласы бойынша электр тогының жұмысын есептеңіздер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.
  • Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге енгізіңіздер.

2.Электр тізбегінің сұлбасын салыңыздар. Содан кейін сұлба бойынша тізбек құрастырыңыздар.

3.Кестені толтырыңыздар:

P=U*I=3*0.2=0.6W

A=P*t=0.6*60=36Дж

Өткізгіш

I, A

U, В

Р, Вт

t, с

А, Дж

Шам

0,2

3

0,6

60

36

4.Қорытынды жазыңыздар.

Алынған қуаттың мәні шамда көрсетілген қуаттың мәнімен сәйкес келеді.

5. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар қосымша практикалық жұмыс орындайды.

Екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей және параллель жалғаңыздар. Екі жағдайдағы шамдардың тұтынатын қуатын есептеңіздер (Р1 және Р2) және екі жағдайда шамдардың тұтынатын қуаты әр түрлі шыққанын түсіндіріңіздер.

1 жағдай

1 жағдай- екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей жалғап, қуатты өлшейді.

Р1 = U1 х І12 жағдай

2 жағдай -екі бірдей төмен вольтті шамды параллель жалғап, қуатты өлшейді.

Р2 = U2 х І2Қорытынды жазыңыздар (Қуаттардың әр түрлі болуын түсіндіреді.)

Шамдарды паралель жалғағанда қуат көбірек болады, тізбектей жалғаудағы қуатқа қарағанда. (Р2 > Р1), өйткені параллель жалғаған кезде тізбектің кедергісі азаяды (R2 < R1), ал Ом заңы бойынша тізбек бөлігіндегі ток күші артады (І2 > І1)

Үйге тапсырма:

Тәжірибелік тапсырма. Кестені толтыру. Үйлеріңдегі электр құралдарының кестедегі шамалардың мәндерін анықтау.

Шамалар

Құралдар

Электр шамы

1 тәуліктегі

Қуат, Вт

50

1000

400

Кернеу, В

220

220

220

Ток күші, А

0,22

4,54

1,81

Құралдағы токтың жұмысы, кВт*сағ

1,2

1

0,4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу