№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, презентация.


№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Оқу мақсаттары:

8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

Ауызша сұрақтар

1. Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді?

2.Токтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңыз.

3.Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады?

4.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады?

Миға шабуыл.

Үтікті күнделікті 20 мин уақыт қолданады. 30 күндегі токтың атқарған жұмысын есептеңіз және құнын анықтаңыз. Тариф 1кВт*сағ =19.67тг

Техника қауіпсіздік ережесі:

1.   Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.

2.   Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.

3.   Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды  мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

4.   Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.

5.   Жұмысқа кірісер алдында  мақсаты мен нұсқауларын мұқият   оқыңдар.

6.   Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау токкөзі ажыратылған кезде жасалуы  керек.

7.   Ток көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.

8.   Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін  прибормен тексеріңдер

9.   Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.

10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар.

11. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.

12. Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып, мұғалімге хабарлау керек.

Бағалау критерийлері:

Тұрақты токтың жұмысы мен қуаттың формуласын практикалық тапсырмаларда қолдана алады;

кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізе алады;

Қоршаған ортада кездесетін түрлі техникалық құрылғылардың электр тогының жұмысын және қуатын анықтай алады.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар қосымша практикалық жұмыс орындайды.

1 жағдай- екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей жалғап, қуатты өлшейді.

2 жағдай -екі бірдей төмен вольтті шамды параллель жалғап, қуатты өлшейді.

Қуаттардың әр түрлі болуын түсіндіреді.

ҮЙ ЖҰМЫСЫ

Тәжірибелік тапсырма. Кестені толтыру. Үйлеріңдегі электр құралдарының кестедегі шамалардың мәндерін анықтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу