№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Тұрақты токтың жұмысы мен қуаттың формуласын практикалық тапсырмаларда қолдану;
  • кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізе алу;
  • Қоршаған ортада кездесетін түрлі техникалық құрылғылардың электр тогының жұмысын және қуатын анықтай алу.

 Бағалау

 критерийлері

  • Тұрақты токтың жұмысы мен қуаттың формуласын практикалық тапсырмаларда қолдана алады;
  • кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізе алады;
  • Қоршаған ортада кездесетін түрлі техникалық құрылғылардың электр тогының жұмысын және қуатын анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Токтың жұмысы, токтың қуаты, Джоуль – Ленц заңы, кернеу, кедергі, ток күші, заряд, уақыт, электресептеуіш, ваттметр,тариф құны, өткізгіштің жылулық әрекеті.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электр тогының жұмысы .......................... көбейтіндісіне тең.

Токтың қуаты........... олардың көбейтіндісін табу керек.

...................... ваттметр деп атайды.

................. құрал электресептеуіш деп аталады.

1 кВт*сағ электр энергиясының құны ............(В) деп аталады.

Өткізгіштердің жылуы олардың ............... тәуелді.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;
  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;
  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру;
  • Математикалық сауаттылығын дамыту.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, салыстырмалы қателікті есептеу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Механикалық жұмыс пен қуат ұғымы

Кернеу мен ток ұғымы

Ом заңы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-8 мин

8-10 мин

1.Ұйымдастыру

    • Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (сұрақтар қою)

1.Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді?

2.Токтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңыз.

3.Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады?

4.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады?

2.Ой қозғау.

Оқушылар: Үтікті күнделікті 20 мин уақыт қолданады. 30 күндегі токтың атқарған жұмысын есептеңіз және құнын анықтаңыз. Тариф 1кВт*сағ =19.67тг

Құрал

Үтік

Қуат, кВт

0,6

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
  • кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3,4

Сабақтың ортасы

10-36 мин

4. Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.

Жұппен жұмыс.

Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды.

«Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Бағалау критерийлері:

  • Тұрақты токтың жұмысы мен қуаттың формуласын практикалық тапсырмаларда қолдана алады;
  • кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізе алады;
  • Қоршаған ортада кездесетін түрлі техникалық құрылғылардың электр тогының жұмысын және қуатын анықтай алады.

Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар қосымша практикалық жұмыс орындайды.

1 жағдай- екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей жалғап, қуатты өлшейді.

2 жағдай -екі бірдей төмен вольтті шамды параллель жалғап, қуатты өлшейді.

Қуаттардың әр түрлі болуын түсіндіреді.

Слайд 5

Ток көзі, төменвольтті шам, вольтметр, амперметр, кілт, жалғағыш сымдар, секундомер

Қосымша1

Слайд 6

Екі шам, вольтметр, амперметр, ток көзі

Сабақтың соңы

36-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үйге тапсырма:

Тәжірибелік тапсырма. Кестені толтыру. Үйлеріңдегі электр құралдарының кестедегі шамалардың мәндерін анықтау.

Шамалар

Құралдар

Электр шамы

Қуат, Вт

Кернеу, В

Ток күші, А

Құралдағы токтың жұмысы, кВт*сағ

Қосымша2

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімд ісабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Үй жұмысы жауабы

Шамалар

Құралдар

Электр шамы

1 тәуліктегі

Қуат, Вт

50

1000

400

Кернеу, В

220

220

220

Ток күші, А

0,22

4,54

1,81

Құралдағы токтың жұмысы, кВт*сағ

1,2

1

0,4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу