Өткізгіштердіӊ тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Өткізгіштердіӊ тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару

Оқу мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Теориялық материал

Өткізгіштерді тізбектей жалғау

 Егер өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда олардағы ток күші бірдей болады.

 Тізбек бөлігіндегі кернеу әрбір өткізгішке түскен кернеулердіӊ қосындысына теӊ болады.

 Егер тізбектегі өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі тізбектегі өткізгіштердіӊ кедергілерініӊ қосындысына теӊ.

Егер кедергісі r болған n кедергі тізбектей жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі:

 Тізбектей жалғанған өткізгіштерде кедергісі үлкен болған өткізгіште кернеудіӊ түсуі үлкен болады.

Өткізгіштерді параллель жалғау

 Егер өткізгіштер параллель жалғанса, онда олардағы кернеу бірдей болады.

Тізбектегі ток күші әрбір өткізгіштен өтетін ток күштерініӊ қосындысына теӊ болады.

 Егер тізбектегі өткізгіштер параллель жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісініӊ кері шамасы тізбектегі өткізгіштердіӊ кедергілерініӊ кері шамаларыныӊ қосындысына теӊ.

Егер кедергісі r болған n кедергі параллель жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі:

R=r/n

 Параллель жалғанған өткізгіштерде кедергісі үлкен болған өткізгіштегі токтыӊ күші кіші болады.

Параллель жалғанудыӊ негізгі ерекшелігі:

  • Аспаптар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс жасай алады.
  • Барлық аспаптарда кернеу бірдей болады.

Аралас жалғанған резисторлардыӊ жалпы кедергісін есептеу:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу