Өткізгіштердіӊ тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы: | Өткізгіштердіӊ тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару | Мектеп: | ||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты: | |||
Сынып: | 8 | Оқушылар саны | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу | |||
Сабақтың мақсаты |
| |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ток күші- amperage Кернеу-voltage Амперметр- ammeter Вольтметр- voltmeter Тізбектей жалғану-series connection Параллель жалғану-parallel connection Электрлік кедергі- resistor Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі- Conductor resistivity Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Егер өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда олардағы ток күші бірдей болады. Тізбек бөлігіндегі кернеу әрбір өткізгішке түскен кернеулердіӊ қосындысына теӊ болады. | |||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады. | |||
Пәнаралық байланыстар | Тібек бөлігінің кернеуін , ток күшін және жалпы кедергісін анықтау барысында математика пәнімен байланыс. | |||
Бастапқы білім | Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдауды біледі. U-кернеу (В); R- кедергі (Ом) Тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын біледі ; |
ЖОСПАР | ||||||
Уақытша жоспарлау | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 мин 5-10 мин 10-15 мин | 1) Паралелль және тізбектей жалғау заңдылықтарын еске түсіру Оқушылар формуласын жатқа жазады. Оқушылар жазып болған соң парақтарын тақтаға іледі. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. 2) Топта жұмыс жасауға және бірін- бірі бағалауға дағдылану үшін оқушылар тапсырманы топпен талқылайды. 1 топ тапсырмасы. Тізбектегі жалпы кернеу неге тең? 2 топ тапсырмасы. Жалпы кернеу 3 В болса, жалпы ток және R2, R3 кедергісі арқылы өтетін токты тап. Әр топ оқушылары тапсырмаларымен ауысып өзара бағалау жүргізеді және бір- біріне кері байланыс жасайды. | |||||
Сабақтың ортасы 15-33мин 33-38 мин | 3) Оқушылар қолдану дағдысын дамыту мақсатында өздік жұмыс орындайды Тапсырма №1: Суретте көрсетілген электр тізбектің берілгендері бойынша жалпы кедергісін және амперметрдің көрсетуін анықта.
Тапсырма №2: Суретте берілгендері бойынша тізбектегі жалпы токты және кернеуді тап. Тапсырма №3: Суретте берілгендері бойынша тізбектің жалпы кедергісін тап. Тапсырма №4: Тізбектің жалпы кедергісін тап. R1=R2=1,8 Ом, R3=R5=1 Ом, R4=R9=R10=3 Ом, R6=R8=1,2 Ом, R7=0,8 Ом, R11=R12=0,3 Ом, R13=0,7 Ом. Дұрыс жауаптарды қолданып оқушылар өзін- өзі бағалайды, мұғалім немесе оқушылар бірі- біріне кері байланыс жасайды. | |||||
Сабақтыңсоңы 38-40 мин | 4) Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 5) Үйге тапсырма §41 оқу
10 В болғанда жалпы ток күшін тап. |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы |
Қабілетті оқушылар тізбектің эквивалент сұлбасын сызады. | Оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалауы |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды