№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Жұмыстың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Оқу мақсаты:

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

Мұғалімдер үшін əдістемелік ұсыныстар

    • Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).

Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын http://learningapps.org/display?v=p1bs7kmnn01

сайтқа кіре отырып орындайды.

Дұрыс жауабы

Қауіпсіздік ережесі

1.   Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.

2.   Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.

3.   Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды  мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

4.   Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.

5.   Жұмысқа кірісер алдында  мақсаты мен нұсқауларын мұқият   оқыңдар.

6.   Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау токкөзі ажыратылған кезде жасалуы  керек.

7.   Ток көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.

8.   Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін  прибормен тексеріңдер

9.   Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.

10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар.

11. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.

12. Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып, мұғалімге хабарлау керек.

Бағалау критерийлері:

  • Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;
  • Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;
  • Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

Күтілетін нәтиже

№ 6 зертханалық жұмыс «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

1.Электр тізбегінің ток көзінен, екі сым резистордан, үш амперметрден, үш вольтметрден, кілттен тұратын сызбасын салыңыздар.

2.Қажетті өлшеулер жүргізіңіздер және алынған нәтижелерді, есептеулерді кестеге енгізіңіздер.

Қажетті есептеулер жүргізіңіздер:

Iж= I1+ I2=0.52 A

Uж= U1= U2=9В

Rж= Uж/ Iж =17,3 Ом

Кестені толтырыңыздар:

I1, A

I2, A

Iж, A

U1, В

U2, В

Uж, В

R1, Ом

R2, Ом

Rж, Ом

0.08

0.44

0.52

9

9

9

112,5

20,45

17.3

3.Параллель жалғаған кезде электр тізбегіндегі мына шарт Iж= I1+ I2 орындала ма? Жауаптарыңызды жазыңыздар.

Иә, орындалады, жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең.

4. Параллель жалғаған кезде электр тізбегіндегі мына шарт Uж= U1= U2 орындала ма? Жауаптарыңызды жазыңыздар.

Иә, орындалады, тібектің барлық бөлігіндегі кернеу бірдей болды.

5. Параллель жалғаған кезде электр тізбегіндегі жалпы кедергі R|ж қандай болады? Ом заңы арқылы Rж кедергіні анықтап R|ж кедергімен салыстырыңыздар:

Тізбекті параллель жалғағанда, өткізгіштердің саны артқан сайын тізбектегі жалпы кедергі кемиді. Rж мен R|ж мән тең болды.

6.Қорытынды жазыңыздар.

Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде кезінде:

,

,

Үй жұмысы

№1

Кернеуі 15 В бар тұрақты ток көзіне 2 және 3 кОм болатын кедергілер тізбектей жалғанған. Тізбек бөлігіндегі ток күшін және әрқайсысының кернеуін анықтаңыз.

№2

Тізбектегі жалпы кедергіні анықтаңыз.

R1 = 7,9 Ом, R2 = 1 Ом, R3 = 2 Ом, R4 = 3 Ом, R5 = 4 Ом

Үй жұмысының жауабы

1

3мА, 6В, 9В

2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу