Өткізгіштің электрлік кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштің электрлік кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат.
Оқу мақсаты:
– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
– есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
1. Кедергінің өткізгіш ұзындығына тәуелділігін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: Омметр, константан сым, рулетка (сызғыш).
- Омметрдің көк клеммасын өткізгіштің бір ұшына, ал екінші клемманы одан 20 см қашықтыққа жалғаңдар.
- Әр жағдайда клеммалар арақашықтығын 20 см-ге арттыра отырып, осы тәжірибені 3 рет қайтала.
- Өлшеу нәтижесін кестеге енгізіңдер.
Өткізгіш ұзындығы l, см | |||
Омметр көрсетуі R, Ом |
- Кедергінің ұзындыққа тәуелділік графигін сыз.
- Кедергінің өткізгіш ұзындығына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
2 . Кедергінің өткізгіштің көлденең қимасы ауданына тәуелділігін зерттеу.
Құралдар: Омметр, константан сым, рулетка.
- Омметрдің көк клеммасын өткізгіштің бір ұшына, ал екінші клемманы одан 20 см қашықтыққа жалғаңдар.
- Клеммалар арасындағы сымның көлденең қима ауданын арттыра отырып, осы тәжірибені 3 рет қайтала.
- Өлшеу нәтижесін кестеге енгізіңдер.
Сымның көлденең қимасының ауданы S | |||
Омметр көрсетуі R, Ом |
- Кедергінің көлденең қима ауданына тәуелділік графигін сызыңдар.
- Кедергінің өткізгіштің көлденең қимасының ауданына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
3 . Кедергінің өткізгіш сымның тегіне тәуелділігін зерттеу.
Құралдар: Омметр, константан сым, болат проволока, рулетка.
- Омметрдің көк клеммасын өткізгіштің бір ұшына, ал екінші клемманы одан 20 см қашықтыққа жалғаңдар.
- Константан және болат сымдары үшін кедергіні өлшеңдер
- Өлшеу нәтижесін кестеге енгізіңдер.
Кедергі\өткізгіш ұзындығы | 25 см | 25 см |
Константан сымның кедергісі | ||
Болат сымның кедергісі |
- Кедергінің өткізгіш тегіне тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
Сабақты бекіту тапсырмалары
- Неліктен көбінесе сымдарды мыс пен аллюминийден жасайды?
- Ұзындығы 10 м және көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 мыс сымның кедергісі қанай?
- Ұзындығы 50 м мыс сымның кедергісі 0,5 Ом болу үшін, көлденең қимасының ауданы қаншаға тең болуы қажет?
- Екі аллюминий сымның массасы тең. Бірінші сымның диаметрі екіншінікінен 2 есе үлкен. Қай сымның кедергісі үлкен және неше есе?
Үйге тапсырма
- Нихром және темір сымдардың өлшемдері бірдей. Қай сымның кедергісі үлкен?
- Ұзындығы 5 км және көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс сымның кедергісі қандай?
- Ұзындығы 10 м мыс сымның кедергісі қызудан қорғау үшін 1 Омнан аспау қажет болса, оның диаметрі қандай болуы мүмкін?
- Екі аллюминий сымның басқасымен салыстырғанда біреуінің ұзындығы 6 есе кіші және көлденең қимасының ауданы 3 есе кіші болса, олардың кедергілері қалай ерекшеленеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?