Өткізгіштің электрлік кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштің электрлік кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат.

Оқу мақсаты:

– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;

– есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану

1- тәжірибе: Өткізгіш кедергісініӊ оныӊ ұзындығына тәуелділігін тексеру.

Электр тізбегі:

Ұзындықтары әр түрлі өткізгіштер (бірдей материалдан жасалған):

1)Бірінші тізбекке еӊ ұзын өткізгішті қосамыз:

Ток күші 0,1 А.

2) Тізбекке орташа ұзындықтағы өткізгішті жалғаймыз:

Ток күші 0,5 А, яғни өткізгіш ұзындығы қысқарып еді ток күші артты.

3) Тізбекке ұзындығы еӊ кіші өткізгішті қосамыз:

Тізбектегі ток күші 1 А болды.

Қорытынды: Өткізгіштіӊ ұзындығы қысқарған сайын тізбектегі ток күші арта түседі, яғни өткізгіштіӊ кедергісі кемиді.

Демек, өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзындығына тура пропорционал (R~l)

2- тәжірибе: Өткізгіш кедергісініӊ оныӊ көлденеӊ қимасыныӊ ауданына тәуелділігін тексеру.

Электр тізбегі:

Ұзындықтары бірдей, көлденеӊ қимасыныӊ аудандары әр түрлі өткізгіштер (бірдей материалдан жасалған):

А) Көлденеӊ қимасы еӊ үлкен болған өткізгіш

Б) Көлденеӊ қимасы орташа болған өтқізгіш

В) Көлденеӊ қимасыныӊ ауданы еӊ кіші өткізгіш

Қорытынды: Өткізгіштіӊ көлденеӊ қимасыныӊ ауданы азайған сайын тізбектегі ток күші кемиді. Бұл тізбектіӊ кедергісі артқандығын білдіреді. Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ көлденеӊ қимасыныӊ ауданына кері пропорционал (R~1/S).

3- тәжірибе: Өткізгіш кедергісініӊ оныӊ материалына тәуелділігін тексеру.

Электр тізбегі:

Ұзындықтары және көлденеӊ қимасыныӊ аудандары бірдей әр түрлі материалдан жасалған өткізгіштер

А)

Б)

В)

Қорытынды: Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді.

Тәжірибе нәтижелерін қорытындылай отырып

формуласына ие боламыз

R-өткізгіштіӊ кедергісі (Oм);

ρ- өткізгіштің меншікті кедергісі (Oм∙м);

l- өткізгіштің ұзындығы (м);

S - өткізгіштің көлденең қимасының ауданы (м2).

 Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзындығына, көлденеӊ қимасыныӊ ауданына және өткізгіш материалына тәуелді.

 Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі – бұл ұзындығы , көлденеӊ қимасыныӊ ауданы болатын белгілі бір материалдан жасалған өткізгіштіӊ кедергісі.

 Меншікті өткізгіштіӊ кедергісініӊ өлшем бірлігі (Ом*мм2)/м немесе Ом*м

Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзыныдығын тура пропорционал және көлденеӊ қимасыныӊ ауданына кері пропорционал.

 

Есеп шығару үлгісі

1 есеп. Ұзындығы 10м, көлденең қимасы 0,1мм² мыс сымның кедергісін анықтаңдар.

Берілгені:

l=10м

S=0.1 мм2

=0,0168 Ом*мм2

Шешуі:

т/к R-?

2 есеп,Ұзындығы 120 м, көлденең қимасының ауданы S = 0,5 мм2 нихром сым темір, 220 В кернеуі көзіне жалғанған. Сымдағы ток күшінанықтаңыз.

Берілгені:

= 120 м

S = 0,5 мм

U = 220 В

ρ = 1,1 Ом·мм² /м

Шешуі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу