Өткізгіштің электрлік кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Сабақтың тақырыбы:

Өткізгіштің электрлік кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат.

Мектеп:

Дата:

Мұғалім:

Сынып:

8

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;

8.4.2.8 – есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану

Сабақ мақсаттары

  • кедергінің физикалық мағынасын түсіну;
  • кедергінің басқа параметрлерге тәуелділігін сипаттау;
  • меншікті кедергіннің формуласын есеп шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • кедергінің физикалық мағынасын түсінеді;
  • кедергінің басқа параметрлерге тәуелділігін сипаттайды;
  • меншікті кедергіннің формуласын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар кедергінің қандай шамалардан тәуелді екенін ауызша сипаттайды және кедергінің физикалық мағынасын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

электр, электрон, электр өрісі, кернеу, ток күші, кедергі, меншікті кедергі, өткізгіштің көлденең қимасының ауданы, сым диаметрі,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Өткізгіштің ұзындығы артқан сайын,.........

Сымның көлденең қимасының ауданы артқан сайын,.....

Кедергіні азайту үшін......

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға, талдау жасауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық амалдарды есептер шығаруда қолдану.

Бастапқы білім

Электр тізбегі . Тізбектегі ток күші мен кернеу және оларды өлшеу. Амперметр мен вольтметрді жалғау.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

  • Оқушылардың теориялық материалды білу дағдысын тексеру үшін сұрақтар қойылады.
  • Ток күші деп нені атайды?
  • Ток күшін қандай құралмен өлшейміз?
  • Кернеу дегеніміз не?
  • Кернеудің формуласын жаз
  • Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
  • Кернеуді қандай құралмен өлшейміз?
  • Вольтметр,амперметр тізбекке қалай қосылады?
  • Вольтметрдің,амперметрдің сызбадағы шартты белгісі қандай?
  • Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім және қай жылы ашты?
  • . Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңдар.

Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасап, қажеттілік туындаған жағдайда түзетулер енгізеді.

  • Ой қозғау. Токтың әрекетін реттеуге болама?

Оқушылар жұпта талқылайды және өз ойларымен бөліседі. Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.

  •  Мақсатты болжау Оқушылармен бірге сабақ мақсаты талқыланады
  • кедергінің физикалық мағынасын түсіну;
  • кедергінің басқа параметрлерге тәуелділігін сипаттау;
  • меншікті кедергіннің формуласын есеп шығаруда қолдану

Сабақтың ортасы

7-17 мин

17-27мин

27-37 мин

  •  Түсіндіру Жаңа физикалық шама болғандықтан, оның анықтамасын, белгіленуін, өлшем бірлігін мұғалім көрсетеді. Ал оқушылар кедергінің қандай шамалардан тәуелді екендігін топта зерттейді.

1 топ. Кедергінің өткізгіш ұзындығына тәуелділігін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: Омметр, константан сым, рулетка (сызғыш).

  • Омметрдің көк клеммасын өткізгіштің бір ұшына, ал екінші клемманы одан 20 см қашықтыққа жалғаңдар.
  • Әр жағдайда клеммалар арақашықтығын 20 см-ге арттыра отырып, осы тәжірибені 3 рет қайтала.
  • Өлшеу нәтижесін кестеге енгізіңдер.

Өткізгіш ұзындығы l, см

Омметр көрсетуі R, Ом

  • Кедергінің ұзындыққа тәуелділік графигін сыз.
  • Кедергінің өткізгіш ұзындығына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.

2 топ. Кедергінің өткізгіштің көлденең қимасы ауданына тәуелділігін зерттеу.

Құралдар: Омметр, константан сым, рулетка.

  • Омметрдің көк клеммасын өткізгіштің бір ұшына, ал екінші клемманы одан 20 см қашықтыққа жалғаңдар.
  • Клеммалар арасындағы сымның көлденең қима ауданын арттыра отырып, осы тәжірибені 3 рет қайтала.
  • Өлшеу нәтижесін кестеге енгізіңдер.

Сымның көлденең қимасының ауданы S

Омметр көрсетуі R, Ом

  • Кедергінің көлденең қима ауданына тәуелділік графигін сызыңдар.
  • Кедергінің өткізгіштің көлденең қимасының ауданына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.

3 топ. Кедергінің өткізгіш сымның тегіне тәуелділігін зерттеу.

Құралдар: Омметр, константан сым, болат проволока, рулетка.

  • Омметрдің көк клеммасын өткізгіштің бір ұшына, ал екінші клемманы одан 20 см қашықтыққа жалғаңдар.
  • Константан және болат сымдары үшін кедергіні өлшеңдер
  • Өлшеу нәтижесін кестеге енгізіңдер.

Кедергі\өткізгіш ұзындығы

25 см

25 см

Константан сымның кедергісі

Болат сымның кедергісі

  • Кедергінің өткізгіш тегіне тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.

Әр топ зерттеу нәтижелері бойынша жасаған қорытындыларын баяндайды. Үш топтың қорытындысына сүйеніп кедергінің формуласын жазамыз және меншікті кедергі түсінігін енгіземіз.

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі:

«Заттың меншікті кедергісі – заттың электр тогына қарсылық келтіру қабілетін сипаттайтын физикалық шама. Тек заттың қасиеті болып табылады».

Кедергінің формуласынан меншікті кедергінің өлшем бірлігін енгіземіз. SI жүйесінде кедергі бірлігі 1 Ом·мм2/м немесе 1 Ом·м. Іс жүзінде жіңішке өткізгіштердің қимасының ауданы көбіне квадрат миллиметрмен (мм2) келтіріледі. Бұл жағдайда меншікті кедергі бірлігін Ом• мм2/м деп алған ыңғайлы. 1 мм2 =0,000001 м2 болғандықтан 1 Ом·мм2/м = 0,000001 Ом·м. Әр түрлі заттардың меншікті кедергілері әр түрлі болады. Кейбір заттардың меншікті кедергілері кестеде келтірілген. Бұл кестеде келтірілген мәндер 20 °С температураға сәйкес.

  • Сабақты бекіту Оқушылар қолдану дағдыларын дамыту үшін есептер шығарады
  • Неліктен көбінесе сымдарды мыс пен аллюминийден жасайды?
  • Ұзындығы 10 м және көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 мыс сымның кедергісі қанай?
  • Ұзындығы 50 м мыс сымның кедергісі 0,5 Ом болу үшін, көлденең қимасының ауданы қаншаға тең болуы қажет?
  • Екі аллюминий сымның массасы тең. Бірінші сымның диаметрі екіншінікінен 2 есе үлкен. Қай сымның кедергісі үлкен және неше есе?

Бағалау критерийлері:

  • Кедергінің физикалық мағынасын түсіндіреді.
  • Электрлік кедегінің формуласын қолданады
  • Кедергілерді салыстырады

Сабақтың соңы

37-40 мин

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

7. Үйге тапсырма §39 оқу

  • Нихром және темір сымдардың өлшемдері бірдей. Қай сымның кедергісі үлкен?
  • Ұзындығы 5 км және көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс сымның кедергісі қандай?
  • Ұзындығы 10 м мыс сымның кедергісі қызудан қорғау үшін 1 Омнан аспау қажет болса, оның диаметрі қандай болуы мүмкін?
  • Екі аллюминий сымның басқасымен салыстырғанда біреуінің ұзындығы 6 есе кіші және көлденең қимасының ауданы 3 есе кіші болса, олардың кедергілері қалай ерекшеленеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Қалыптастырушы бағалау нәтижелері;

Сабақ үстіндегі есептердің жауаптары;

Оқушылардың бір-бірін бағалау

Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу