№ 3 зертханалық жұмыс.«Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты:
– электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;
№ 3 зертханалық жұмыс.«Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу»
Жұмыстың мақсаты: электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу
Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғауға арналған сымдар, электр шамдары, кілт.
Жұмыс барысы:
1) амперметр мен вольтметрдің шкалаларын, аспаптың жүйеге қосылу клеммаларын, аспаптың өлшеу шегін мұқият қарап шығыңдар.
2) амперметр мен вольтметр шкаласы бөліктерінің құнын анықтаңдар.
n=______ А n= ________ В
3) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар.
Амперметрді тізбекке ток көзі мен бірінші шам арасына қосыңдар. Қорек көзінде 9B кернеуді орнатып, кілтті тұйықтаңдар.
4) амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі ток күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.
І₁=___________________
5) өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.
6) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар.
7) амперметрді бірінші және екінші шамдар арасында қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.
8) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі ток күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.
l₂=__________________
9) өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.
10) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Амперметрді екінші шам мен ток көзі арасындағы тізбекке қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.
11) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі тоқ күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.
I=_______________
12) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.
13) тізбекті құрастырыңдар.
14) вольтметрді бірінші шамға параллель етіп қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.
15) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, бірінші резистордағы вольтметр көрсетуі бойынша кернеуді анықтаңдар. Тізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер.
U₁=________________
16) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.
18) тізбекті құрастырыңдар.
19) вольтметрді екінші шамға параллель етіп қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.
20) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, екінші резисторда вольтметр көрсетуі бойынша кернеуді анықтаңдар. Тізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер.
U₂=______________
21) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.
22) тізбекті құрастырыңдар.
23) ток көзінде кернеу мәнін ауыстырмай кілтті тұйықтап, вольтметрдің көмегімен екі шамнан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.
U=_________________
24) Өлшеу нәтижесін кестеге жазыңдар.
Тізбектің бірінші бөлігіндегі ток күші І₁ , А | Тізбектің екінші бөлігіндегі ток күші І₂ ,А | Тізбектің үшінші бөлігіндегі ток күші І3, А | Бірінші шамдағы кернеу U₁ , В | Екінші шамдағы кернеу U₂ ,В | Тізбек бөлігіндегі кернеу U, В |
Қорытынды....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Тәжірибені жасау барысында қателіктердің болуына әсер еткен факторларды жаз ..................................................................................................................................................................................................................................................................
Үй жұмысы
- Өткізгіштен 50 Кл электр зарядтары ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңдер. Ал өткізгіштің ұштарындағы кернеу 120 В.
- Тізбек бөлігінен 40 Кл электр заряды өткенде 800 Дж жұмыс жасалатын болса, онда тізбек бөлігіндегі кернеу неге тең болады?
- Өткізгіш ұштарындағы кернеу 5 В. Осы өткізгіш 40 с уақыт ішінде 500 Дж жұмыс жасайтын болса, ондағы ток күші неге тең?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?