№ 3 зертханалық жұмыс.«Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар Тұрақты электр тогы | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | № 3 зертханалық жұмыс.«Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу» | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.4– электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс:
| |||||||||
Бағалау критерийлері | 1. Амперметр мен вольметрдің бөлік құнын анықтайды. 2. Электр тізбегін жинайды 3. Тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі ток күшін амперметрмен өлшейді. 4. Тізбектегі кернеуді өлшейді. 5. Салыстырмалы қателікті есептейді. 6. Қателіктер неліктен пайда болатынын түсіндіре алады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушыларбілуі тиіс: Оқушылар вольтметрді тізбекке параллель ал амперметрді тізбектей жалғау керек екендігін білуі керек. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды жазу. Пәнге тән лексика мен терминология: Жалғағыш сымдар, клеммалар, ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, электр шамдары. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ток күші деп................. Потенциалдар айырымы деп......................... | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ жұпта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық, ынтымақтастық және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған. Жұпқа бөлгенде барынша деңгейлеріне қарай бөлу керек. Тәжірибе жасау қабілеті жоғары оқушылар орта деңгейдегі оқушыға түсіндіретіндей жағдай жасау арқылы жақсы қарым-қатынас құндылықтарын жүзеге асыру. Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігін жеткізу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, салыстырмалы қателікті есептеу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау. | |||||||||
Бастапқы білім | Ток күші. Кернеу. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 5-6 мин | 1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Мұғалім алдыңғы өтілген тақырыптар яғни ток күші, кернеу, қарапайым электр тізбегін құрайтын құрылғыларды қайталау мақсатында тест ұсына алады. 2. Ой қозғау. «Ток күші» деп нені айтады? Ол нені сипаттайды? «Электр кернеуі» деп нені айтады? Кернеуді қалай өлшейді? Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды. 3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
| Қосымша1 | ||||||||
Сабақтың ортасы 6-36 мин | 4.Сабақты бекіту.Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу» Бағалау критерийлері: 1 Амперметр мен вольметрдің бөлік құнын анықтайды. 2. Электр тізбегін жинайды 3. Тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі ток күшін амперметрмен өлшейді. 4. Тізбектегі кернеуді өлшейді. 5. Салыстырмалы қателікті есептейді. 6. Қателіктер неліктен пайда болатынын түсіндіре алады. | Таратпа материал Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғауға арналған сымдар, электр шамдары, кілт. | ||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | 5. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. «Бағдаршам» әдісімен мұғалім кері байланыс алады. Мұғалім оқушыларға алдын-ала дайындалған дөңгелек етіп кесілген ақ қағазды және жасыл, сары, қызыл түсті стикерлерді таратады. Сабақты жақсы түсіндім деген оқушылар жасыл түсті стикерді, орта деңгейде түсіндім деген оқушылар сары түсті стикерді, ал маған әлі жұмыс жасау керек яғни сабақ мақсаттарын түсіну қиын болды деген оқушылар қызыл түсті стикерді қағазға жапсырады. Мұғалім оқушылардың алған кері байланысты назарға ала отырып алдағы жұмысты жоспарлайды. 6. Үйге тапсырма: §36-37 оқу Есептер шығару
| Қосымша2 | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру. | Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру. Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру. | Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.Электр тізбегін жинау кезінде ток көзімен жұмыс жасау кезінде өте мұқият болу. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Үй жұмысы жауабы
1 | 6000 Дж |
2 | 20 В |
3 | 2,5 А |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?