Зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін жинау және тізбек бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу». Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Мұғалімдер үшін əдістемелік ұсыныстар
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін жинау және тізбек бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.»
Оқу мақсаты: 8.4.3.5 - электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді өлшеу, нәтижелерін құралдардың қателіктерін ескеріп жазу
1.Ұйымдастыру
2. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында TRUE|FALSE әдісімен
1. Ток күшін қандай құралмен өлшейді?
2. Құрал тізбекке қалай жалғанады?
3. Құралдың бөлік құнын қалай анықтаймыз?
4. Абсолют қателікті қалай анықтаймыз
5.Салыстырмалы қателікті ше?
6. Кернеуді қандай құралмен өлшейді?
7. Құрал тізбекке қалай жалғанады?
3. Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім кері байланыс жасайды. Бүгінгі сабақта зертханалық жұмыс жасайтындықтарын ескертеді.
Техника қауіпсіздігін сақтауларын ескертеді
Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
4. Жаңа сабақ.
1) Зертханалық жұмыс орындау кезінде қолданылатын приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар, қыздыру шамы.
2) Зертханалық жұмыс кезінде оқушылармен төмендегі критерий бойынша орындалуын тапсырады.
Бағалау критерийлері:
1. Амперметр мен вольметрдің бөлік құнын анықтайды
2. Электр тізбегін жинайды
3. Тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі ток күшін амперметрмен өлшейді
4. Тізбектегі кернеуді өлшейді
5. Салыстырмалы қателікті есептейді
6. Қателіктер неліктен пайда болатынын түсіндіреді.
3)Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольметрдің шкалаларын қараңдар, бөлік құнын анықтаңдар.
2. 191-192- және 193-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбегін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін жазыңдар.
3. Қорытынды жасаңдар.
4. Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.
5. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U1, U2 және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.
6. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
7. U1+ U2 қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
8. Қорытынды жасаңдар.
Кестеде берілген ақпараттарды мұғалім оқушыларға басып шығарып беруіне болады.
5. Рефлексия
Сабағыңыз сәтті өтсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?