Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: Электр тогы, электр тогы көздері
Оқу мақсаты:
– электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
– электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
Тест тапсырмалары:
Электр тогы.Ток көздері.
- Электр тогы дегеніміз ...
А ... зарядталған бөлшектердің қозғалысы
В ... бөлшектердің бағытталған қозғалысы
С ... зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы
D ... электрондардың бағытталған қозғалысы
2. Тізбекте электр тогы пайда болу үшін, қажетті шарт ...
А ... электрондарды қозғалысқа келтіретін күштің болуы
В ... өткізгіш бойында электр өрісінің болуы
С ... өткізгішті электрлеу
3. Өткізгіштің қызметі неде?
А. өткізгіште электр өрісінің болуын қамтамасыз ету үшін
В. өткізгіште электр зарядын тудыру үшін
С. өткізгіште электрондардың атомдармен байланысын үзу үшін
4. Гальваникалық элементте қандай энергияның есебінен зарядталған бөлшектердің бөлінуі іске асырылады
А. Механикалық
В. Ішкі энергияның
С. химиялық реакция
D. жарық энергиясы
5. Гальваникалық элементте оң зарядтың және теріс зарядтардың ролін атқарады?
А. оң зарядтың ролін-көмір таяқша, теріс зарядтың ролін – смола қабаты
В. оң зарядтың ролін - көмір таяқша, теріс зарядтың ролін - цинктен жасалған ыдыс
С. оң зарядтың ролін - смола қабаты, теріс зарядтың ролін – цинктен жасалған ыдыс
D. оң зарядтың ролін - көмір таяқша, теріс зарядтың ролін -клейстер
6. Аккумулятор электр тогын береді, егер ...
А ... оны жылы бөлмеде жылытқаннан кейін
В ... электродын электрлегеннен кейін
С ... оны басқа ток көзімен зарядтағаннан кейін
Металдардағы электр тогы. Электр тогының бағыты.
7. Металдарда тағы қандай электр зарядын (еркін электрондардан басқа) тасымалдаушылар бар? Олар қайда орналасқан?
А. оң иондар; олардың әрқайсысының өз орындары бар
В. оң иондар; кристалдық тордың түйіндерінде
С. атомдар; кристалдық тордың түйіндерінде
D . теріс иондар; әрқайсысы өз орнында
8. Металдарда қандай бөлшектердің қандай қозғалысы электр тогын тудырады?
А. еркін электрондардың реттелген бағытталған қозғалысы
В. кристалдық тордың түйіндеріндегі иондардың үйлесімді тербелісі
С. оң иондардың реттелген ығысуы
9. Иондар құрайтын металдың кристалдық торының таңбасы оң болса да, металл электрлік бейтарап болып қалады?
А. себебі, металдардағы еркін электрондар хаосты қозғала отырып, өткізгіштің сыртқы бетіне жетіп,кристалдық тордың бетін экрандайды
В. себебі, иондар қатты денелерде өз орнын сақтап қалады
С. себебі, барлық еркін электрондардың заряды иондардың оң зарядына тең
10. Қандай жағдайда металл өткізгіште электр тогы пайда болады?
А. егер еркін электрондардың хаостық қозғалысы реттелген бағытталған қозғалысқа түскен жағдайда
В. өткізгіште электр өрісін тудырғанда
С. өткізгіште еркін электрондардың пайда болуынан
D. өткізгішті электр тізбегіне қосқан кезде
11. Электр өрісінде қандай зарядталған бөлшектердің қозғалысын электр тогының бағыты ретінде қабылданған?
А электрондардың
В иондардың
С теріс зарядталған бөлшектердің
D оң зарядталған бөлшектердің
12. Қай схемада электр тогының бағыты тілшемен дұрыс көрсетілмеген?
А № 1В № 2С № 3Dбарлығы дұрыс
13. Қай суретте электр тогының бағыты қабылданған ережеге сай дұрыс көрсетілмеген?
А № 1В № 2С № 3Dбарлығы дұрыс
Электр тогының әсері
14. Қандай құбылыстар электр тогының жылулық әсерінің бар екенін дәлелдейді?
А. токтың әсерінен қаситтерінің өзгеруі
В. қызған кезде ұзаруы
С. қызған тогы бар өткізгіштің жарқырауы
15. Қандай құбылыс, электрөткізгіш сұйықтық арқылы ток өтуімен бірге жүретін токтың химиялық әсеріне мысал болады?
А. сұйыққа батырылған электродта осы сұйықтың құрамына кіретін заттардың бөлінуінен
В. он зарядталған электродта металдың бөлінуінен
С. екі электродтан да газдың бөлінуінен
16. Электр тогының жылулық және химиялық әсерінен басқа тағы қандай әсері бар?
А. магниттік
В. механикалық
С. бұлардан басқа электр тогының әсері жоқ.
17. Қандай құралдың көмегімен электр тізбегінде токтың бар екенін білуге болады?
А. электрометрдің
В. электроскоптың
С. гальванометрдің
D. галваникалық элементтің көмегімен.
18. Гальванометрде токтың қандай әсері қолданылады?
А. жылулық
В. магниттік
С. химиялық
D. физиологиялық
19. Металдарда электр тогының қандай әсері бақыланбайды?
А. жылулық
В. магниттік
С. химиялық
D. физиологиялық
20. Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында электр тогының химиялық әсері қолданылады?
А. аккумуляторларды зарядтау
В. электро духовкада тамақ дайындау
С. электр пешінде металды балқыту.
Тапсырмалар:
1.Өткізгіш арқылы 3,6· Кл заряды 30 минут ішінде өтеді. Өткізгіштегі ток күшін анықтаңдар.
2. Өткізгіштегі ток күші 1,5 мА және оның созу уақыты 50 с болса, өткізгіш арқылы өткен заряд шамасын анықтаңдар.
3. 10 мин ішінде электр шамы арқылы 300 Кл электр мөлшері өтеді. Шамның ток күшін табыңыз
4. Егер сымдардағы ток күші 5 А болса, онда электрплита арқылы10 мин ішінде өтетін электр мөлшерін табыңыз
5. Егер тізбектегі ток күші 12 мА болса, онда 2 мин қосылған Гальванометрдің катушка арқылы өтетін электр мөлшерін табыңыз
Жауабы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
C | B | A | B | A | A | A | D | D | A | C | C | A | A | C | B | B | A |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?