Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандардың саны: | Қатыспағандардың саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру 8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын ауызша түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Электр тогы деп........ Электр тогы пайда болуы үшін қажетті шарттар:................... Ток күші дегеніміз................ ЭҚК деп......... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Токтың әрекетін түсіндіргенде химия және биология пәнімен, ал ток күшін есептегенде математика пәнімен байланыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электрометр, электроскоп ұғымдарымен таныс. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған әрекеттері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин |
Оқушылар топта талқылайды, мұғалім кері байланыс жасай отырып оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды. 2) Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге анықталады
| Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-25 мин 25-35 мин 35-38 мин | 3) Түсіндіру. Презентацияны қолданып мұғалім түсіндіреді. Электр тогы – зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы Ток болуы үшін қажетті шарттар
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы Ток күші деп аталады I=q/t I –ток күші q-электр заряд t-уақыт Алғаш рет « электр тоғы» түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Ампер болды Амперметр тізбектей жалғанады. Құралдың (+) таңбасы бар клеммасынток көзінің (+) полюсінен басталатын сыммен жалғайды, ал (-) таңбасын ток көзінің сәйкесінше (-) полюсімен жалғайды. 4) Сабақты бекіту. а) Оқушылар теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын орындайды. Дұрыс жауаптарын пайдаланып оқушылар өзара бағалау жасайды және бір -біріне кері байланыс жасайды. b) Оқушылар есептер шығару үшін ток күшінің формуласын қолданады. 1.Өткізгіш арқылы 3,6· Кл заряды 30 минут ішінде өтеді. Өткізгіштегі ток күшін анықтаңдар. 2. Өткізгіштегі ток күші 1,5 мА және оның созу уақыты 50 с болса, өткізгіш арқылы өткен заряд шамасын анықтаңдар. 3. 10 мин ішінде электр шамы арқылы 300 Кл электр мөлшері өтеді. Шамның ток күшін табыңыз 4. Егер сымдардағы ток күші 5 А болса, онда электрплита арқылы10 мин ішінде өтетін электр мөлшерін табыңыз 5. Егер тізбектегі ток күші 12 мА болса, онда 2 мин қосылған Гальванометрдің катушка арқылы өтетін электр мөлшерін табыңыз Бағалау критерийлері: Ток күшін біледі және есеп шығаруда қолданады Оқушылар өзін-өзі тесереді және бір-біріне кері байланыс жасайды | Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | 5) Рефлексия: бағдаршам (әртүрлі түсіндегі пластиктан жасалған стакандарын қолдана отырып, оқушылардың жаңа тақырыбын қаншалықты түсінікті екендігін анықтау). 6) Үй жұмысы §35-36 оқу | Рефлексиялық құралдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалау нәтижелері; Сабақ үстіндегі есептердің жауаптары; Оқушылардың бір-бірін бағалау | Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?