Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақтың тақырыбы: Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр
Оқу мақсаты:
8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану.
Теориялық материал.
Электр тогы - зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысы.
Электр тогының бағыты ретінде шартты түрде оң зарядтардың қозғалыс бағыты қабылданған. Электр тогыныӊ бағыты электр өрісі кернеулігініӊ бағытымен сәйкес келеді.
Тұрақты ток- модулы және бағыты өзгермейтін ток.
Электр тогының пайда болу шарттары: еркін ток тасымалдаушылар (еркін зарядтар) болу керек және электр өрісі болу қажет (ток көзі).
Электр өрісінде орналасқан өткізгіште еркін зарядтардыӊ реттелген қозғалысына зарядтардыӊ хаостық жылулық қозғалысы қосылады.
Өткізгіштік электр тогы – электр өрісінің әсерінен өткізгіштегі еркін электр зарядтарының реттелген қозғалысынан (оң зарядтар электр өрісі бағытында, теріс зарядтар өріске қарсы бағытта қозғалады) туындайтын ток. Мс: металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі электр тогы.
Металдарда ток тасымалдаушылар еркін электрондар болып табылады.
Электр тогының әрекеттері
Электр тогының жылулық (а), магниттік (б) және химиялық (в) әрекеттері байқалады.
Металдардан ток өткен кезінде жылулық және магниттік әрекеттері байқалады.
Электролиттерден ток өткен кезінде жылулық, магниттік және химиялық әрекеттері байқалады.
Ток көздері
18-ғасырдыӊ аяғына дейін ғалымдар негізінен үйкеліс арқылы «электр зарядын алып келді», яғни үйкеліс арқылы денелерді электрледі.
18- ғасырдыӊ аяғында италян ғалымы А.Вольта алғашқы ток көзін жасады. Ол мыс және цинк пластиналарын қышқылға түсірген кезінде мыстан жасалған пластинка оӊ, ал цинктан жасалған пластинка теріс зарядқа ие болғандығын бақылайды. Бұл жағдайда оӊ және теріс зарядтардыӊ бөлінуі жүзеге келеді.
Егер өткізгіш арқылы мыс және цинк пластинкаларын қоссақ, онда электр тогы туындайды.
Электр тогын күшейту үшін Вольта мұндай пластинкалардан «столб» жасайды.
Химиялық реакция негізінде жұмыс жасайтын ток көздері гальваникалық (италян ғалымы Луиджи Гальвани) элементтер деп аталады.
Электр тізбегі символдары
№ | Символы | Анықтамасы |
1 | Гальваникалық элемент, аккумулятор, батарейка | |
2 | Элементтер батареясы | |
3 | Өткізгіштердіӊ (сымдардыӊ) қосылуы. Нүкте түйін деп аталады. | |
4 | Өткізгіштердіӊ (сымдардыӊ) қиылысуы | |
5 | Аспаптар жалғану үшін арналған зажимдар | |
6 | Кілт | |
7 | Электрлік шам | |
8 | Электрлік қоӊырау (звонок) | |
9 | Резистор | |
10 | Балқымалы сақтандырғыш | |
11 | Қыздырғыш элемент |
Электр тізбегінде шам, кілт, ток көзі еӊ қарапайым элементтер есептеледі.
Ток көзі – электр тізбегінде электр тогыныӊ тұрақты болуын қамтамасыз ететін қондырғы.
Кілт – электр тізбегін тұйықтайтын (электр тогы болады) және ажырататын (ток болмайды) қондырғы.
Резистор- тұрақты кедергіге ие электр тізбегініӊ элементі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?