Пластина мен шардыӊ электр өрісі. Электр өрісіндегі өткізгіштермен диэлектриктер. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы:

Пластина мен шардыӊ электр өрісі.

Электр өрісіндегі өткізгіштермен диэлектриктер.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

Сынып:

8

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.6 – электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар біледі:

- оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналардыӊ электр өрісініӊ күш сызықтарыныӊ бейнеленуін;

- оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналар арасындағы электр өрісініӊ бір текті екендігін;

- зарядталған шардыӊ өріс кернеулігін есептейтін формуланы;

- зарядталған шардыӊ ішінде өрістіӊ болмайтындығын біледі (Е = 0);

- электр өрісінде орналасқан өткізгіштер мен диэлектриктерде болатын физикалық процесстерді білу;

- диэлектриктердегі поляризация процессін білу.

Бағалау критерийлері

оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналардыӊ электр өрісініӊ күш сызықтарын бейнелейді;

- оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналар арасындағы электр өрісініӊ бір текті екендігін біледі;

- зарядталған шардыӊ өріс кернеулігін есептейтін формуланы қолданады;

- зарядталған шардыӊ ішінде өрістіӊ болмайтындығын біледі (Е = 0);

- электр өрісінде орналасқан өткізгіштер мен диэлектриктерде болатын физикалық процесстерді біледі;

- диэлектриктердегі поляризация процессін біледі..

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар зарядты орын ауыстырған электр өрісініӊ жұмысы туралы ұғымға ие болады. Зарядты орын ауыстырған электр өрісініӊ жұмысын есептей біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрлік құбылыстар- phenomena

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Тебісу- repulsion

Тартысу- attraction

Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge

Электроскоп- electroscope

Электрометр- electrometer

Электр өрісі - Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field

Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Кез келген зарядталған дене өзініӊ айналасында электр өрісін пайда етеді.

Электр өрісі зарядталған денелерге күшпен әрекет етеді. Электр өрісініӊ күш сызықтары оӊ зарядтан шығады, теріс зарядта аяқталады. Параллель орналасқан оӊ және теріс зарядталған пластиналардыӊ электр өрісі біртекті электр өріс болып табылады

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау дағдысын дамытуға және коммуникативтік дағдысын жетілдіруге бағытталған

Пәнаралық байланыстар

Электр өрісінің кернеулігін есептеуде математика пәнімен байланыс

Өткен сабақ материалдары

Потенциал, кернеудіӊ кернеулікпен байланысын біледі.

ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

0-5 мин

1. Өткен сабақтағы материалды еске түсіреміз

1) Электр өрісі ұғымын алғаш енгізген ғалымдар.

2) Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

3) Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі деп нені айтамыз?

4) Электр өрісінің күш сызықтарын қалай кескіндейміз

5) Бір зарядтың басқа зарядқа әрекеті қандай жолмен беріледі?

Ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-35 мин

2. Түсіндіру. Мұғалім оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналардыӊ электр өрісініӊ күш сызықтарын бейнелейді.Арасындағы өрістің бертекті екенін және электр өрісінде орналасқан өткізгіштер мен диэлектриктерде болатын физикалық процесстерді түсіндіреді.

Оқушылармен бірге диэлектриктердегі поляризация процессін талқылайды.

3. Сабақты бекіту

А) Тест тапсырмаларын орындау

Оқушылар дайын жауаптарды пайдаланып өзара бағалау жүргізеді және жіберілген қателіктер бойынша бір-біріне кері байланыс береді. Қажеттілік туындаған жағдайда мұғалім көмектеседі.

В) Оқушылар формуланы қолдану дағдысын дамыту үшін есептер шығарады. Жұппен жұмыс:

1. Күш сызықтарында бір-бірінен қашықтықта жатқан нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы 60 В-қа тең. Егер олар біртекті болса, онда электр өрістің кернеулігін анықтаӊыз

2.Радиусы 30см металл шарикке 6 нКл заряд берілген. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін табыӊыз

3.А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі (сурет) қайсы вектор бойымен бағытталған

4.А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі (сурет) қайсы вектор бойымен бағытталған.

5. Біртекті электр өрісінің кернеулігі Е = 30 кВ/м.Осы кернеуліктің бір сызығында d=0,3 м кашықтықта орналасқан электр өрісі нүктелерінің арасындағы кернеуді табыӊыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

зарядталған шардыӊ және біртекті өрістің кернеулігін есептейтін формуланы қолданады;

  • біртекті электр өрісінің кернеулігін анықтайды;
  • шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтайды;
  • А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі бағытын біледі;
  • біртекті электр өрісінің кернеуін анықтайды

Дұрыс жауаптарды пайдаланып, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Өз жіберген қателеріне кері байланыс жасайды.

Презентация-

лар

Таратпа материал

Соңы

4. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

5. Үйге тапсырма:

Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 33оқу 16- жаттығу №6-8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы, талдауға қатысуға көмектесу. Қабілетті оқушылар потенциал формуласын қолданып есептер шығарады.

Топтық/ жұптық талқылауды бақылау, есептер шығарту арқылы теориялық материалды қолдану дағдысын өзара/өзін-өзі/мұғалім бағалауы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу