Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі
Оқу мақсаттары:
4.1.6 – электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;
8.4.1.8 – электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу
Тест тапсырмалары
1.Пластмасса сызғышты жүнге үйкегенде сызғыш теріс зарядталады.Бұның себебі:
а) электрондар сызғыштан жүнге ауысады; б) протондар сызғыштан жүнге ауысады;
в) электрондар жүннен сызғышқа ауысады; г) протондар жүннен сызғышқа ауысады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2.Нүктелік зарядтан 12см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 36В/м болса, онда осы зарядтан 8см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қандай болады?
а) 16 В/м; б) 24 В/м; в) 81 В/м; г) 54 В/м; д) 72 В/м.
3. Массасы 1,6·10г тозаң кернеулігі 1000В/м электр өрісінде қалықтап тұр.Тозаңдағы артық электрондар саны...
а) 10; б) 10; в) 10; г) 10; д) 10.
4. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы электр өрісін сипаттайды?
1) күш сызықтары зарядтармен байланысқан;
2) өрістің энергиясы бар;
3) өрістің энергиясы жоқ;
4) күш сызықтары тұйықталған;
5) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең;
6) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең емес.
а) 2,3,5; б) 1,3,6; в) 3,4,5; г) 1,2,5; д) 2,4,6.
5. Жер бетінен бұлт 500 м биіктікте тұр.
500 м
Бұлт және жер арасындағы потенциал айырмасы 200мВ. Бұлт пен жер арасындағы жаңбыр тамшысының заряды 4,0 х 10-12 Кл тең.
Жаңбыр тамшыларының электр күші қандай?
A1.6 x 10–15 НB8.0 x 10–4 НC1.6 x 10–9 НD0.40 Н
Қосымша тапсырма
- Электр өрісінің кернеулігі 5кН/Кл , 1мкКл зарядқа электр өрісі қандай күшпен әсер етеді?
- Массасы 0,1мг тозаң кернеулігі 1кН/Кл жоғары бағытталған электростатикалық өрісте тұру үшін тозаң заряды қандай болу керек?
- Зарядқа дейінгі қашықтық 3 есе кемісе, нүктелік зарядтың өріс кернеулігі қалай өзгереді?
- 10-7 Кл заряд тұрған нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 5 В/м. Зарядка әсер ететін күшті табыңыз.
- Арақашықтығы бір түзудің бойында жатқан кернеулігі біртекті дененің кернеуі 2 кВ болса, онда өріс кернеулігі неге тең?
- Жазық конденсатордың астарларындағы өріс кернеулігі 6000 В/м. Осы өрістің арасында тепе-теңдікте тұрған заряды 5·10-11 Кл зарядтың массасын табыңыз. g=10 Н/кг
- Нүктелік зарядтан қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 2·105 Н/Кл болса, осы зарядтың шамасын тап.
- Электр өрісінің күш сызықтарын қолданып зарядтың тегін анықтаңдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?