Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электростатика негіздері | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабылов М.Б. | ||||
Сынып: 8 «» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.4 – электр зарядының сақталу заңын түсіндіру; 8.4.1.5 – Кулон заңын есептер шығаруда қолдану | ||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||
Жетістік критерийлері |
| ||||
Оқушылар атомныӊ құрылысын ауызша түсіндіреді. Элементар заряд мәнін біледі және оны ауызша түсіндіреді. Кулон заӊын түсіндіреді және формуланы пайдалана отырып күшті есептейді. Пәнге тән лексика мен терминология: элементар заряд; өлшеу құралы; әр аттас заряд; эбонит,янтарь , индукцияланған. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Элементар заряд – зарядтыӊ еӊ кіші порциясы (бөлігі). Атомныӊ планетарлық моделі бойынша, атом оӊ зарядталған ядро және оныӊ айналасында айналатын теріс зарядталған электрондар құрылған. Электрондарын жоғалтқан атом оӊ ионға айналады. Егер атом өзіне электрондарды қосып алса, ол теріс ионға айналады. Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтыӊ өзара әрекет күші зарядтардыӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олардыӊ арақашықтығыныӊ квадратына кері пропорционал болады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ оқушылардың жекелей/жұппен/топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және сыни тұрғыдан ойлаға дағдыландыруға бағытталған. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Кулон заңын есептер шығаруда қолдану барысында математика пәнімен байланыс. | ||||
Бастапқы білім | Зарядтардыӊ екі тегі болады: оӊ зарядтар (таӊбасы оӊ +) және теріс зарядтар (таӊбасы -). Бірдей таӊбадағы зарядтар аттас зарядтар деп аталады. Әр түрлі таӊбадағы зарядтар әр аттас зарядтар деп аталады. Аттас зарядтар өзара тебіледі, ал әр аттас зарядтар өзара тартылады. Электрленуді байқауға арналған еӊ ыӊғайлы аспап электроскоп деп аталады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 минут | 1. Ой қозғау. Электрлену кезінде денелердегі зарядтар қайдан пайда болады? Неліктен кейбір денелер оӊ, ал кейбіреулері теріс зарядталады? Оқушылар талқылайды. Мұғалім бұл сұрақтарға жауап беру үшін атомныӊ құрылымын білу керек екенін түсіндіреді. Оқушыларды оқу мақсатына қарай бағыттайды. 2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқылау жасалады
| ||||
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-28 мин 28-38 минут | 3. Түсіндіру. Оқушылар атомның құрылысын химия пәнінен естеріне түсіреді 1) Мұғалім электр зарядының сақталу заңын тұжырымдайды Тұйықталған жүйедегі барлық бөлшектердіӊ зарядтарының алгебралық қосындысы өзгермейді. 2) Мұғалім Кулон тәжірибесін көрсетеді. Тәжірибе қорытындысы бойынша оқушылар қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесу күшін, Кулон заңын тұжырымдайды: Нүктелік зарядтардыӊ вакуумдағы өзара әрекет күші зарядтардыӊ зарядтардыӊ модульдерініӊ көбейтіндісіне тура пропорционал, олар арасындағы арақашықтықтыӊ квадратына кері пропорционал. 4. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдана білу дағдыларын қалыптастыру үшін деңгейлік тапсырмалар орындайды. А-тобы. №1.Диэлектрлік өтімділігі 2 болатын керосинде бір-бірінен 40 см қашықтықта 60 мкКл және -210-7 Кл зарядтар орналасқан. Осы зарядтардың арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтаңдар. №2. 10нКл зарядталған бөлшектен өріс кернеулігі қандай арақықтықта 0,3кН/Кл болады? ( Жауабы: 0,55 м) В -тобы. №1. 4 нКл зарядтан 3см қашықтықта өрістің кернеулігі 10 кВ/м-ге тең. Сұйықтың диэлектрлік өтімділігі ? №2. Екі зарядталған кішкентай шарлар бір-бірімен Кулон заңы бойынша 0,1Н күшпен әрекеттеседі.Егер шарлардың арақашықтығы өзгермесе,ал әрбір шардың зарядының шамасы 2 есе артса,онда шарларға әрекет ететін Кулон күші неге тең? (Жауабы: 0,4Н) С -тобы. №1. Арақашықтығы 30 см екі нүктелік заряд ауада белгілі бір күшпен әрекеттеседі.Осы зарядталған денелердің әрекеттесу күші өзгермес үшін оларды суда қандай арақашықтыққа қою керек? (ауаның электрлік өтімділігі 1-ге тең,судың әлектрлік өтімділігі 2,1) №2. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әрекет етеді.Әр шардағы «артық» электрондарының санын анықтаңдар.( Ж:1011) Бағалау критерийлері:
Теориялық материалды меңгергендіктерін тексеру үшін оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. | Таратпа материал Таратпа материал | |||
38-40 мин | 5. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Оқушылар кері байланыс жасайды. Бүгін мен білдім… Мен үшін қиын болды… Мен үшін жаңалық болған… Мен үйрендім… Мен енді өзім әрекет етіп көремін… 6. Үйге тапсырма Қосымша тест тапсырмасы | Таратпа материал |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, тапсырмаларды орындауға көмектесу. Қабілеті жоғары оқушыларға жоғарғы деңгей тапсырмаларын ұсыну. | Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды. Сұрақтарға жауап бергенде әркім өз жұмысын өзі тексереді |
| ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?