file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Электр зарядының сақталу заңы, тыныштықтағы зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы. Элементар электр заряды. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаттары:

  • электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
  • Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақты бекіту үшін берілетін тапсырмалар:

  • Әр зарядтың шамасын 2 есе арттырса Кулон күші қалай өзгереді?
  • Зарядтар арасындағы арақашықтықты 3 есе кемітсе Кулон күші қалай өзгереді?
  • Әр зарядтың шамасын 4 есе арттырып, ал олардың арақашықтығын 2 есе кемітсе Кулон күші қалай өзгереді?
  • Егер диэлектрлік ортада зарядтардың өзара әрекеттесу күші вакуумдағы әрекеттесу күшімен салыстырғанда 4 есе кемісе, онда диэлектрлік өтімділік неге тең?
  • Модульдері тең екі әраттас зарядтар бір-бірімен 10 Н-ға тең күшпен әрекеттеседі. Егер олар бір-бірінен 5 м қашықтықта орналасса, олардың модульдері неге тең болады?
  • Заряды 4 мкКл-ға тең шар жібек жіпке ілініп тұр. Оған төменгі жағынан заряды -100 нКл-ға тең екінші зарядты жақындатты, шарлардың центрлері бір түзудің бойында жатыр. Осының нәтижесінде жіптің керілу күші екі есе артты. Шарлардың арасындағы арақашықтық 8 см. бірінші шардың массасын анықтаңыз.

Қалыптастырушы бағалауға берілетін тапсырмалар:

  • Заряды -3,2 нКл тең шарды дәл сондай өлшемді өткізгіш зарядталмаған шармен беттесті. Зарядталған шардан зарядталмаған шарға неше электрон өтеді?

А) 105 B) 2·1010 C) 1010 D) 1,6·1019 E) 0

  • Төмендегі өрнекке қандай физикалық шама сәйкес келеді?

Мұндағы: a - үдеу; l – ұзындық, F – күш, t – уақыт, υжылдамдық, k – Кулон заңындағы пропорционалдық коэффициент.

  • А нүктесінде орналасқан оң зарядқа әрекет ететін күш векторының бағытын анықтаңыз. Q және -Q зарядтары теңқабырғалы үшбұрыштың төбелерінде, ал қалған екі заряд А нүктесіне қатысты симметриялы орналасқан.
  • -25,6 нКл заряды бар шар сондай бірнеше зарядталмаған шарлармен әсерлеседі. Егер сол зарядта 1010 электрон қалса, ол неше зарядталмаған шарлармен әсерлескен?

Бағалау критерийлері:

  • Берілген электрондар санын анықтай алады;
  • Физикалық шамалардың өлшем бірлігін біледі және өрнек арқылы физикалық шаманы анықтай алады;
  • Суперпозиция принципін түсінеді және талдай алады;
  • Нүктеге әрекет ететін күштің бағытын анықтай алады.

 Қосымша тапсырмалар

 1-деңгей

  • Табиғатта зарядтардың қандай түрлері бар?
  • Протон, нейтрон, электрон, атом ядросы және молекула қандай зарядқа ие?
  • Зарядтардың қандай қасиеттері бар?
  • Шарлар қандай зарядқа ие?

  • а, б жағдайларында элек тр өрісінің денеге әрекетін түсіндіріңіз.
  • Егер бейтарап денеге оң зарядталған таяқшаны жақындатса, не байқалады?
  • Бейтарап атомда төрт электрон бар. Осы атомның ядросында неше протон бар?
  • Бейтарап атомға электрлену барысында электрон қосылды. Атом заряды қалай өзгерді? Ол атомды қалай айтуға болады?

2-деңгей

  • Үш заряд суретте көрсетілгендей орналасқан. А нүктесіне әрекет ететін тең әрекет күшін сызып көрсетіңіз.

  • Егер екінші заряд тепе-теңдікте тұрса, бірінші зарядтың шамасын анықтаңыз.
  • Бір-бірінен 0,2 см қашықтықта орналасқан, біріншісі екіншісінен 5 есе үлкен болатын екі қозғалмайтын нүктелік заряд 4,5 Н күшпен әрекеттеседі. Осы зарядтардың ең кішісінін абсолюттік мәнін анықтаңыз.

3-деңгей

  • Екі нүктелік екі зарядтың арасындағы әсерлесу күші 2 Н. Егер олардың арақашықтығы 3 м, ал жалпы заряд -3 нКл болса, онда зарядтар шамасын анықтаңыз.
  • +1,78 нКл және -6 нКл зарядтарының арақашықтығы 4 см тең. Бірінші зарядтан 2 см қашықтыққа үшінші нүктелік зарядты орналастырды және ол тепе-теңдікте тұр. Үшінші зарядтың модулін анықтаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу