Жылу қозғалтқыштары. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негіздері

Мектеп:

Күні::

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жылу қозғалтқыштары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау
  • іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттау
  • бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттай алады;
  • іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттай алады;
  • бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсінеді және сипаттайды;

зерттеу нәтижесіне ауызша және жазбаша талдау жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Жылу қозғалтқышы,жылу электрстанциясы, ішкі энергия, жылу,жұмыс,термодинамиканың бірінші заңы,термодинамиканың екінші заңы

Глоссарий:

жылу

тепло

heat

ішкі энергия

внутренняя энергия

internal energy

жылу қозғалтқыш

тепловые двигатели

heat engines

жұмыс

работа

work

термодинамиканың

бірінші заңы

первый закон термодинамики

the first law of thermodynamics

термодинамиканыңекінші заңы

второй закон термодинамики

второй закон термодинамики

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Энергия... нәтижесінде ауыстырылады.

Жылу қозғалтқышы тиімсіз, өйткені …

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылардың ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алуы, топпен жұмыс жасай білу және зерттеушілік қабілеті мен өз жұмысының нәтижесін сараптай алу құндылықтары дарытылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар термодинамиканың бірінші және екінші заңдарын пайдалануды біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

1.Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін пысықтау.

Қойылатын сұрақтар:

  • Ішкі энергия дегенді қалай түсінесің?
  • Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?
  • Ішкі энергия өзгерісінің өлшемі қандай шама?
  • Жылу мөлшері қалай белгіленеді?
  • Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?
  • Жылу мөлшері қай шамаларға тәуелді?
  • Газдың жұмысын қалай есептейміз?

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін тест тапсырмаларын алуға болады.

2. Ой қозғау. Жылу қозғалтқышы деп нені айтады?

Термодинамиканың 1,2 заңы :http://www.youtube.com/watch?v=VtEqn-5XHpU&feature=related

Сабақтың ортасы

5-20минут

Таныстырылымға

20-30 мин

30-35 мин

3.Түсіндіру.

Оқушылар үш топқа бөлінеді Әр топ теориялық материалмен жұмыс істейді

  • топ Іштен жану қозғалтқышы
  • топ Бу турбинасы
  • топ Дизель қозғалтқышы 

Бағалау критерийлері:

  •  Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды
  • Жылу қозғалтқышының жетістігі мен кемшілігін сипаттайды
  • Жылуқозғалтқышының қолдану аясын түсіндіреді
  •  Жылу қозғалтқыштарының пайдасы мен зиянын және мәселені шешу жолдарын талқылау

Бағалау критерийлері бойынша оқушылардың таныстырылымы бағаланады ( жоғары , орташа немесе төмен). Оқушылар таныстырылымы аяқталған соң мұғалім кері байланыс жасай отырып, оқушылардың жылу қозғалтқыштарының пайдасы мен зиянын және мәселені шешу жолдарын түсінгендіктерін қадағалайды

Автокөліктердің бөліп шығаратын улы газдары мен қосылыстарын азайту үшін қандай кеңес бересіңдер? Оқушылар жұпта талқылайды. Ауызша ұсынылған кеңестер ауызша тындалады.

Соңы

35-40 мин

4. Рефлекция:

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

5. Үй жұмысы: “Физика 8 сынып” 3-тарау § 19-21 ,83-бет 1-5 сұрақтарды талдау

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ Құндылықтар

 

Қабілетті оқушылар таныстырылым жасаған оқушыларға сұрақтар құрастырады.

Білімдерін тексеру мақсатында физикалық диктанталынады. Топтық жұмыстың барысы бақыланады, таныстырылым бағаланады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу