Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты: термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
Тест тапсырмалары:
1.Термодинамиканың бірінші заңы қандай заңнын негізінде ашылған?
А. Импульстің сақтану заңыВ. Энергияның сақталу заңыС. Ньютонның 1-ші заңыD.Ньютоннын 2-ші заңы
2. Адиабаттық процесс ушін термодинамиканың 1-ші заңы қалай жазылады?
А. Q= ∆U+AB. Q= ∆UC. A=-∆UD. A=Q
3. Изобарлық процесс үшін термодинамиканың 1-ші заңының формуласын көрсетА.
Q=∆U+WВ. W=-∆UС. Q=∆UD. Q=W
4. Тұрақты 105Па қысымда сыртқы куштер 105Дж жумыс жасайды. Бұл жағдайда газдың көлемі қалай өзгереді?
А. 4м3В. 1м3С. 3м3D. 2м2
5. Жылу машинасы 1 циклде 1КДж жылу мөлшерін жұтып 400 Дж жұмыс істейді. Машина канша жылу мөлшерін бөліп шығарады?
А. 0В. 400джС. 600ДжD. 1000Дж
6. Газ 300 Дж жылу мөлшері алғанда ішкі энергия 100 Дж-ға артты. Газдың атқарған жұмысы
A) 500 Дж B) 300 Дж
C) 200 Дж D) 100 Дж
7. Суреттегі графиктердің қайсысы адиабаталық процеске сәйкес келеді?
A) 1 B) 2
C) 3 D) 1 және 2
8. Изотермиялық сығылудан кейін ортаға 400 Дж жылу берілгенде атқарылатын жұмысты анықтаңы
A) 200 Дж B) 300 Дж
C) 400 Дж D) 500Дж
9. Изохоралық қыздыру кезінде ішкі энергия 300 Дж-ға артқанда газдың атқаратын жұмысы.
А) 300 ДжB) 200 ДжC) 100 Дж D) 0
10. Адиабаталық процесс кезінде 400 Дж жұмыс атқарғандағы газдың ішкі энергиясының өзгерісі.
A) 100 Дж B) 200 Дж
C) 300 ДжD) 400 Дж
Практикалық тапсырма. Қармен араласқан тұздың еруін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: екі бірдей алюминий ыдыс, қатырма қағаз, су, қар, ас тұзы, қасық, термометр.
Жұмыс барысы:
- Алюминий ыдыстарды қармен толтырыңдар.
- Қатырма қағаз үстіне су құйыңдар.
- Қар салынған ыдыстарды қатырма қағаз үстіне қойыңдар.
- Ыдыстардың біреуіне бірнеше қасық ас тұзын салыңыз.
- Тұзды қармен араластырыңдар.
- 2-3 минут күте тұрыңдар.
- Тұз салынбаған ыдысты көтеріңдер.
- Тұз салынған ыдысты көтеріңдер.
- Бақылаған құбылысты сипаттаңдар.
_____________________________________________________________
- Тұзы жоқ ыдыстағы қардың температурасын өлшеңдер __________
- Тұз салынған ыдыстағы қардың температурасын өлшеңдер _________
- Эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жазыңдар
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Дұрыс қорытынды жасау үшін сұрақтарға жауап беріңіз:
- Неге тұзы бар ыдыс қатырма қағазға жабысып қалды?
- Тұз салынған ыдыста температураның төмендеуін немен түсіндіруге болады?
- Қармен араласқан тұздың еруі кезінде энергияның жұтылуын қалай түсіндіресіз?
- Ас тұзы молекуласының кристалдық торының бұзылуы қандай энергия есебінен жасалды?
- Ішкі энергия есебінен шексіз жұмыс атқаруға болады ма? Тұздың кез-келген мөлшері ери береді ме? Мұздың температурасы ары-қарай төмендей беру мүмкін бе?
Оқу мақсаты:термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
Іштен жану қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі
1 такт | 2 такт | 3 такт | 4 такт | |
Такт атауы | ||||
Поршеньнің қозғалу бағыты | ||||
Газ көлемінің өзгеруі | ||||
1-клапан Жабық/ашық | ||||
2-клапан Жабық/ашық |
Бу турбинасындағы энергияның түрленулерін дұрыс ретпен орналастырыңдар
Айналатын генератор роторының кинетикалық энергиясы | Электр энергиясы | Соплодан ұшып шыққан будың кинетикалық энергиясы |
Отын энергиясы | Қызған будың энергиясы | Айналатын турбинаның кинетикалық энергиясы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?