Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы
Оқу мақсаты: Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийлері:
- Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілі бар екенін біледі.
- Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін сипаттап, қорытынды жасап, түсіндіре алады.
- Термодинамиканың бірінші заңын біледі
І. Талдап, түсіндіріңіз (жұптық жұмыс):
- Екі жағы жабық түтікшеде сынап тамшысы бар. Түтікшенің бір жағын қыздырды. Сынап тамшысының түтікше бойымен жылжуы кезінде жасалған жұмыс қандай энергия есебінен жүзеге асты , түсіндіріңіз?
- Су түбінен жоғары қарай көтеріліп келе жатқан ауа көпіршігінің ішкі энергиясы өзгере ме? Неліктен, түсіндіріңіз?
- Мұз еріген кезде ішкі энергиясы өзгере ме, қалай? Неліктен, түсіндіріңіз?
- Дененің ішкі энергиясының жұмыс жасау барысында өзгеруіне мысал келтіріңіздер: үйкелу, соғу, сығу кезінде.
ІІ. Бекітуге арналған тапсырмалар
- Мына жағдайлар үшін термодинамиканың І заңы қалай жазылады: а) калориметрдегі денелер арасындағы жылу алмасу; б) суды спиртовка көмегімен жылыту; в) соғу кезінде дененің қызуы.
- Суретте А күйден Б күйге өткен идеал газ процесі көрсетілген.
Б күйіндегі осы газдың абсолюттік температурасы
- А күйіне қарағанда 2 есе үлкен
- А күйіне қарағанда 2 есе аз
- А күйіне қарағанда 4 есе үлкен
- А күйіндегі газ температурасына тең
- Поршень астыңдағы газ молекулаларының қандай да бір орташа квадраттық жылдамдығы бар. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы арту үшін төмендегі процестердің қайсысы орындалуы керек?
- изотермиялық ұлғаю
- изохоралық қысымның азаюы
- изобаралық ұлғаю
- изотермиялық қысымның артуы
- Поршень астыңдағы ауаны жайлап сығады. Цилиндр қабырғасы мен поршень жұқа, бірақ мықты металдан жасалған. Поршень астыңдағы ауамен жүргізілетін процесті нақтырақ сипаттайтын теңдеуді көрсетіңіз.
Термодинамиканың І-заңын изопроцестерде қолдану
Изотермиялық ұлғаю | |||
Изотрмиялық сығылу | |||
Изобаралық қыздыру | |||
Изобаралық салқындау | |||
Изохоралық қыздыру | |||
Изохоралық салқындау | |||
Адиабаталық ұлғаю | |||
Адиабаталық сығылу |
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?