Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы

Сабақ мақсаты:

  • Термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолдану.
  • Графикті талдау

Теориялық материалды қолдану дағдысын тексеру үшін тест тапсырмалары:

1) Термодинамикалық жүйеге Q = 2000 Дж жылу мөлшері берілген. Егер А = 500 Дж жұмыс жасаса, онда жүйснің ішкі энергиясы.

A) 1,5 кДж-ге кемиді.

B) 2,5 кДж-ге артады.

C) 1,5 кДж-ге артады.

D) 2,5 кДж-ге кемиді.

E) өзгермейді.

2) Изотермиялық сығылудан кейін ортаға 600 Дж жылу берілгенде атқарылатын жұмысты анықтаңыз.

A) 300 Дж B) 400 ДжC) 500 ДжD) 200ДжE) 600 Дж

3) Изохоралық қыздыру кезінде ішкі энергия 200 Дж-ға артқанда газдың атқаратын жұмысы.

A) 200 ДжB) 400 ДжC) 0

D) 300 Дж

E) 100 Дж

4) Адиабаталық процесс кезінде 400 Дж жұмыс атқарғандағы газдың ішкі энергиясының өзгерісі.

A) 200 Дж

B) 300 Дж

C) 400 ДжD) 100 ДжE) 500 Дж

5) Газ 300 Дж жылу мөлшері алғанда ішкі энергия 200 Дж-ға артты. Газдың атқарған жұмысын.

A) 500 Дж

B) 250 Дж

C) 200 Дж

D) 300 ДжE) 100 Дж

6) Изохоралық процесте газға 4·1010 Дж жылу берілген газдың ішкі энергиясы мен ұлғайғандағы жұмысы.

A) ∆U=0; А=4·1010 Дж.

B) ∆U=4·1010 Дж; А=4·1010 Дж.

C) ∆U=0; А=0.

D) ∆U=4·1010 Дж; А=0.

E) ∆U=2·1010 Дж; А=4·1010 Дж.

7) Баяулаған изотермиялық процесте газға 8·106 Дж жылу берілді. Газдың жасаған жұмысы.

A) 3·106 Дж.

B) 2·106 Дж.

C) 8·106 Дж.

D) 107 Дж.

E) 4·106 Дж.

8) Адиабаталық ұлғаюда идеал газ А/ жұмыс жасайды. Сонда орындалатын теңдік

A) Q=0, ∆U=-А/.

B) Q=А/, ∆U=0.

C) Q=0, ∆U=А/.

D) Q=-А/, ∆U=0.

E) Q=0, ∆U=0.

Термодинамиканың бірінші заңына есептер:

1. Жүйенің бастапқы ішкі энергиясы 39 Дж. Жүйеге 114 Дж жылу мөлшері берілгеннен кейін, оның ішкі энергиясы 143 Дж болды. Жүйе қандай жұмыс жасады?

2. Жүйенің бастапқы ішкі энергиясы 8093 Дж болды. Жүйе 6973 Дж жұмыс жасағаннан кейін оның ішкі энергиясы 2,092 * 104 Дж болса, жүйеге қанша жылу мөлшері берілді?

3. а және б процестің барысында газ 1- ші күйден 2- ші күйге ауысқанда бірдей жұмыс атқарды ма?

4. Графикті талдаңдар.

5. Сәйкестігін табыңдар

6 . Төмендегі процесстер барысында ішкі энергия қалай өзгереді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу