Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Термодинамика негiздерi

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.17 –термодинамиканың бірінші заңын есептер шығаруда қолдану

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолдану.
  • Графикті талдау

Бағалау критерийлері

1. Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолданады.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар білуі тиіс:

Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін ауызша сипаттау және термодинамиканың 1- заңы энергияның сақталу заңымен сәйкес екендігін ауызша/ жазбаша түсіндіру

Пәнге тән лексика мен терминология:

Температура, энергияның сақталу заңы, термодинамикалық жүйе, газ жұмысы,

ішкі энергия, ішкі энергияның өзгерісі,жылу мөлшері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Термодинамиканың бірінші заңы жылу құбылыстарындағы ... заңы

Жүйеге жылу берілсе, жүйенің ішкі энергиясы ...

Газдың жұмысы ...

Жүйеге жылу берілмесе ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау дағдысы мен коммуникативтік дағдыны жетілдіруге бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс,термодинамикадағы жұмысты фигура ауданы арқылы анықтау.

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныптың 1- токсанында ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен танысқан болатын. Ішкі энергияны өзгертудіңтәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5минут

5-15 минут

15-35 мин

1. Өткен сабақтағы теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін оқушыларға ауызша сұрақтар қою

Мысалы:

  • Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады? Математикалық өрнегі қалай жазылады?
  • Жүйе жылудан оқшауланған болса, газдың температурасы қалай өзгереді?
  • Қандай термодинамикалық процестерді білесіңдер?
  • Қандай процесс адиабаталық деп аталады? Мысал келтіріңдер
  • Ауаны сыққанда не себепті қызады?

Теориялық материалды қолдану дағдысын тексеру үшін тест тапсырмаларын орындату

1) Термодинамикалық жүйеге Q = 2000 Дж жылу мөлшері берілген. Егер А = 500 Дж жұмыс жасаса, онда жүйснің ішкі энергиясы.

A) 1,5 кДж-ге кемиді.

B) 2,5 кДж-ге артады.

C) 1,5 кДж-ге артады.

D) 2,5 кДж-ге кемиді.

E) өзгермейді.

2) Изотермиялық сығылудан кейін ортаға 600 Дж жылу берілгенде атқарылатын жұмысты анықтаңыз.

A) 300 Дж

B) 400 ДжC) 500 ДжD) 200ДжE) 600 Дж3) Изохоралық қыздыру кезінде ішкі энергия 200 Дж-ға артқанда газдың атқаратын жұмысы.

A) 200 ДжB) 400 ДжC) 0

D) 300 Дж

E) 100 Дж

4) Адиабаталық процесс кезінде 400 Дж жұмыс атқарғандағы газдың ішкі энергиясының өзгерісі.

A) 200 Дж

B) 300 Дж

C) 400 ДжD) 100 ДжE) 500 Дж5) Газ 300 Дж жылу мөлшері алғанда ішкі энергия 200 Дж-ға артты. Газдың атқарған жұмысын.

A) 500 Дж

B) 250 Дж

C) 200 Дж

D) 300 ДжE) 100 Дж6) Изохоралық процесте газға 4·1010 Дж жылу берілген газдың ішкі энергиясы мен ұлғайғандағы жұмысы.

A) ∆U=0; А=4·1010 Дж.

B) ∆U=4·1010 Дж; А=4·1010 Дж.

C) ∆U=0; А=0.

D) ∆U=4·1010 Дж; А=0.

E) ∆U=2·1010 Дж; А=4·1010 Дж.

7) Баяулаған изотермиялық процесте газға 8·106 Дж жылу берілді. Газдың жасаған жұмысы.

A) 3·106 Дж.

B) 2·106 Дж.

C) 8·106 Дж.

D) 107 Дж.

E) 4·106 Дж.

8) Адиабаталық ұлғаюда идеал газ А/ жұмыс жасайды. Сонда орындалатын теңдік

A) Q=0, ∆U=-А/.

B) Q=А/, ∆U=0.

C) Q=0, ∆U=А/.

D) Q=-А/, ∆U=0.

E) Q=0, ∆U=0.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Қате жіберілген сұрақтар талқыланып бір-біріне кері байланыс береді.

Термодинамиканың бірінші заңын есептер шығаруда қолдану

1. Жүйенің бастапқы ішкі энергиясы 39 Дж. Жүйеге 114 Дж жылу мөлшері берілгеннен кейін, оның ішкі энергиясы 143 Дж болды. Жүйе қандай жұмыс жасады?

2. Жүйенің бастапқы ішкі энергиясы 8093 Дж болды. Жүйе 6973 Дж жұмыс жасағаннан кейін оның ішкі энергиясы 2,092 * 104 Дж болса, жүйеге қанша жылу мөлшері берілді?

3. а және б процестің барысында газ 1- ші күйден 2- ші күйге ауысқанда бірдей жұмыс атқарды ма?

4. Графикті талдап үйренеміз

5. Сәйкестігін табыңдар

6 . Төмендегі процесстер барысында ішкі энергия қалай өзгереді

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолданады.

1) Термодинамиканың бірінші заңын есептер шығаруда қолданады 2) Графикті талдайды 3) Сәйкестігін таба біледі 4) Ішкі энергияның қалай өзгеретінін біледі

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Есептер жауаптары презентацияда беріледі.

Таратпа материал

Таратпа материал

38-40 минут

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

7. Үйге тапсырма: Термодинамиканың 1- заңын оқу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау және өзін-өзі бағалайды жасайды.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу