Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың жұмысы. Физика, 8 сынып, презентация.


Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың жұмысы. Есептер шығару

Сабақ мақсаты:

Газдың атқарған және газбен атқарылған жұмыстың арасындағы айырмашылықты білу;

Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолдану.

Сұрақтарға жауап бер

термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

сендер қандай термодинамикалық процестерді білесіңдер?

изотермиялық процесті түсіндір

изохоралық процесті түсіндір

адиабаталық процесті түсіндір

изобаралық процесті түсіндір

Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгерісіне және сыртқы денелерге қарсы істейтін жұмысына жұмсалады.

Термодинамика 1 заңы

Q = ΔU + A

Δ U=A+Q

Δ U=Q

Δ U=Q-A’

Берілген сурет бойынша термодинамиканың бірінші заңын жаз

Ұлғаю кезiнде (V2 > V1) газ оң жұмыс жасайды: А′>0. Сығылу кезiнде V2<V1, сондықтан оның жұмысы терiс болады: А′<0. Керiсiнше, газ сығылған кездегi сыртқы күштердiң жұмысы оң болады да, газ қыза бастайды. Ұлғаю кезiнде сыртқы күштердiң жұмысы терiс болады – газ суиды.

А′ = p·(V2-V1) = p·ΔV.

Тест тапсырмаларының жауаптары

Берілген суретті пайдаланып процестерді сипатта және жұмыс пен

энергияның қалай өзгеретініні түсіндір

Табиғатта энергия U жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бiр түрден екiншi түрге ауысады.

Термодинамиканың бiрiншi заңы.

Ішкi энергияның өзгерiсi жүйеге берiлген жылу мөлшерi мен сыртқы күштердiң жұмысының қосындысына тең:

ΔU = A + Q.

Егер жүйе жылу өткiзбейтiн болса (Q = 0) және ол механикалық жұмыс атқармаса (А=0), онда ΔU = 0, немесе U1=U2: тұйық жүйенiң iшкi энергиясы өзгермейдi (сақталады).

Термодинамиканың бiрiншi заңынан, ешқандай энергетикалық шығынсыз шексiз мөлшерде жұмыс жасай алатын қондырғынымәңгiлiк двигательдi жасап шығару мүмкiндiгiнiң терiстiгi шығады. Шын мәнiнде, егер жүйеге жылу берiлмесе (Q = 0 ), онда жұмыс A iшкi энергияның азаюы есебiнен ғана жүзеге асар едi: A = ΔU. Двигатель, энергия қоры таусылғаннан кейiн, жұмысын тоқтатады.

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма: Термодинамиканың 1- заңын оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу