file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Қайнау, меншiктi булану жылуы.

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.

Оқу мақсаттары:

  • меншікті булану жылуын анықтау;
  • қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

  • Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?
  • Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болды?
  • Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады?
  • Көпіршіктерге әсер ететін қандай күш
  • Неліктен су «шуылдайды»?
  • Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы қандай?

Сабақты бекіту тапсырмалары

  • Температурасы 200С, массасы 0,02 кг суды қайнатып, толығымен буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? tқ=1000С, L23105Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.
  • Температурасы 200С болатын 1,5 кг су құйылған ыдыс ішінде 1000С-тағы – 200 г су буы жіберілген. Бу суға айналғаннан кейін жалпы температура қандай болады? с4200 Дж/кг0С, L=2,3106 Дж/кг.
  • ПӘК-і 25 пеште массасы 1 кг керосинді толық жағып, 00С температурадағы массасы қандай мұзды толығымен буландыруға болады? с4200 Дж/кг0С, 3,4105Дж/кг, L=2,3106 Дж/кг, q=4,6107 Дж/кг..

Қабілетті оқушыларға

  • Массасы 2 кг, ал температурасы – 100С мұздан температурасы 1000С бу алу үшін қанша жылу мөлшері қажет? см2100 Дж/кг0С, t00=00C, 3,4105Дж/кг, с4200 Дж/кг0С, L=2,3106 Дж/кг.

Үйге тапсырма

1. Массасы 1 кг, ал температурасы 1000С су буы толығымен суға айналғанда бөлініп шығатын жылу мөлшеріндей жылу беру арқылы массасы қанша суды 00С-тан 600С-қа дейін жылытуға болады? L=2,3106 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

2. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін ысытуға және одан 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады? L=23105 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

3.Газ пешінің үстінде температурасы 200С 3 л суы бар шәугім тұр. Егер қайнап тұрған шәугімде 2,5 л су қалса, қанша табиғи газ жанған? Пештің ПӘК-і 30. с4200 Дж/кг0С, t0=1000C, L 2,3106Дж/кг.

 Қосымша материал

1. Оқушы жолдағы жаңбырдан кейін жиналған шалшық суды байқады.

  • Оқушы біраз уақыттан кейін сол жерден өткенде шалшықтағы судың біраз бөлігі буланғанын көрді.Судың тез булануына әсер еткен факторларды атаңыз

1.

2.

[2]

  • Булану процесін молекула кинетикалық теория тұрғысынан түсіндір.

[1]

2. Суретте екі түрлі шәйнек арқылы суды ысытады.

Процесс кезіндегі алынған мәліметтер

Қыздырғыштардан бір минутта шәйнекке берілген жылу

Дж/ мин

Шәйнектен суға бір минутта берілген жылу

Дж/мин

Электр шәйнек

120000

95000

Газбен қайнайтын шәйнек

130000

90000

а) электр шәйнектің пайдалы әсер коэффицентін есепте.

ПӘК= %[2]

b) газ қыздырғыштың пайдалы қуатын есепте

P= Вт [2]

с) екі шәйнектеде бастапқы температуралары бірдей су бар болса, қай шәйнек бірінші қайнайтынын түсіндір.

[2]

d)Қайнап жатқан су 1000С бу шығарады. Бу мен су молекуларының айырмашылығын сипатта.

[2]



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу