file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Мектеп:

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайнау, меншiктi булану жылуы.

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.15 – меншікті булану жылуын анықтау;

8.3.2.16 – қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
  • қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелді екенін білу;
  • булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алу.

 Бағалау критерийлері

  • Заттың үш күйіне сипаттама береді
  • Заттың бір күйден екінші күйге ауысына мысал келтіреді
  • Булану / конденсация процесін сипаттай алады
  • Математикалық өрнегін жылу беруді есептеуде қолданады
  • Меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар біледі: Молекула – кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне ауысуын және кері процесті ауызша және жазбаша түсіндіруді .

Пәнге тән лексика мен терминология:

булану, конденсация, заттың қайнау температурасы, меншікті булану жылуы, жұтылу, бөліну.

Диалог/жазу үшін қажетті сөйлемдер сериясы:

Булану дегеніміз – сұйықтың ...... айналу процессі. Конденсация – бұл будың ............ ауысу процессі. Булану және конденсация бір-біріне ..... процесс.

 Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ оқушылар арасында топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылықтарын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

 

Математика пәнімен байланыс:

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Заттың құрылысы және күйлері.Температура Заттың агрегаттық күйлері.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды немесе мұғалім сұрақтар дайындайды.Мысалы:

1. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестерді сипаттау

  • Температурасы өзгереді
  • Ішкі энергиясы өзгереді
  • Күйі өзгереді
  • Молекулаларының орналасуы өзгереді
  • Пішіні өзгереді .

 2. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі біздің өміріміз үшін маңызы қандай?

 3. Зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысу үшін қандай шарт орын алуы қажет.

Бағалау критерийлері:

  • МКТ негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттайды;
  • Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі біздің өміріміз үшін маңыздылығын біледі;
  • Зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысу үшін қандай шарт орындалатынын біледі.

2. Ой қозғау.Неліктен таразылардың тепе-теңдігі бұзылады?

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
  • қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелді екенін білу;
  • булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алу.

Сабақтың ортасы

4. Түсіндіру.Оқушылар берілген құралдарды қолданып, қалыпты атмосфералық қысымда әр түрлі заттардың қайнау температурасын анықтайды.Осы тәжірбие нәтижесін қолданып график тұрғызады. Құтыға су құйып оған жылу береді. Оқушыға қойылатын жетелеуші сұрақтар: 1. Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді? 2. Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болды? 3. Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады? 4. Көпіршіктерге әсер ететін қандай күш 5. Неліктен су «шуылдайды»? 6. Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы қандай? (Е) Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігін зерттеу. Колбадағы қайнап тұрған сұйықты оттан алады да груша бекітілген тығынмен колбаны жабады. Грушаны сыққан кезде колбадағы сұйықтың қайнау тоқтайды. Неліктен? Оқушылар өзара талқылайды.Оқушылар грушаны сығу кезінде колбадағы қысым артатынын, қысым артқан сайын қайнау температурасыда артатынын түсінуі тиіс.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін булану және конденсация кезіндегі жылу мөлшерінің формуласын қолданады.

  • Температурасы 200С, массасы 0,02 кг суды қайнатып, толығымен буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? tқ=1000С, L23105Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.
  • Температурасы 200С болатын 1,5 кг су құйылған ыдыс ішінде 1000С-тағы – 200 г су буы жіберілген. Бу суға айналғаннан кейін жалпы температура қандай болады? с4200 Дж/кг0С, L=2,3106 Дж/кг.
  • ПӘК-і 25 пеште массасы 1 кг керосинді толық жағып, 00С температурадағы массасы қандай мұзды толығымен буландыруға болады? с4200 Дж/кг0С, 3,4105Дж/кг, L=2,3106 Дж/кг, q=4,6107 Дж/кг..

Қабілетті оқушыларға

  • Массасы 2 кг, ал температурасы – 100С мұздан температурасы 1000С бу алу үшін қанша жылу мөлшері қажет? см2100 Дж/кг0С, t00=00C, 3,4105Дж/кг, с4200 Дж/кг0С, L=2,3106 Дж/кг.

Бағалау критерийлері:

  • Булану процесі кезіндегі жылу мөлшерінің формуласын біледі;
  • Формуланы есеп шығару барысында қолдана алады;
  • Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде өрнектеп шығарады;
  • Физикалық шамалардың берілген мәндерін орнына қойып белгісіз шаманың мәнін анықтай алады.

Құты, термометр, су, штатив.

Сабақтың соңы

Рефлексия

Орындай аламын........

Түсінемін ...........

Білемін..........

Үйге тапсырма

1. Массасы 1 кг, ал температурасы 1000С су буы толығымен суға айналғанда бөлініп шығатын жылу мөлшеріндей жылу беру арқылы массасы қанша суды 00С-тан 600С-қа дейін жылытуға болады? L=2,3106 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

2. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін ысытуға және одан 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады? L=23105 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

3.Газ пешінің үстінде температурасы 200С 3 л суы бар шәугім тұр. Егер қайнап тұрған шәугімде 2,5 л су қалса, қанша табиғи газ жанған? Пештің ПӘК-і 30. с4200 Дж/кг0С, t0=1000C, L 2,3106Дж/кг.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тәжірибелік жұмыстар орындау барысында жетелеуші сұрақтар қойылады. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша жоғары деңгейдегі тапсырмаберіледі.

Топ ішіндегі және жеке оқушы жұмысын бақылау

Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Отпен және қайнаған сумен жүмыс жасау кезінде өте абайлап орындау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу